Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • Жастар Денсаулығы орталығы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы бөлімшесі мен аудандық емхана мамандарының қатысуымен Жаңақорған ауданы Жайылма ауылындағы №195 орта мектепте "Зиянды әдеттен сақтанайық!», «Тұмаудың алдын алу жолдары», «Жжарақаттанудың алдын алу және алғашқы көмек туралы түсінік" тақырыптары бойынша семинар-сабақтар, лекциялар, т.б. шаралар өтті.   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie?start=45#sigProIde818e5c167

  • Елбасы Жолдауы бойынша Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы мекемесінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Жаңақорған аудандық емханасының меңгерушісі Үсейінов Сәкен Әләудінұлы сала қызметкерлері арасында түсіндіру жиынын өткізіп, Жолдаудағы басым бағыттар бойынша хабарлама жасады.   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie?start=45#sigProIdab9e1c12c6

  • Қоғам дамуына лайықты үлес қосып, еселі еңбегімен елдің ыстық ықыласына бөленіп жүрген қария-қарттарымыздың орны біз үшін қашанда бір бөлек. Оларды құрметтеу біздің азаматтық асыл парызымыз, перзенттік борышымыз. Жақында аудандық емханада өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, ауданымыздың денсаулық сақтау саласында қалтқысыз қызмет еткен сала ардагерлерінің басын қосқан жиын болып өтті. Аға буын өкілдерінің құрметіне мерекелік дастархан мәзірі ұйымдастырылып, аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақов пен ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы Т.Аблаевтар жылы лебіздерін жеткізді. Қарттар күні мерекесіне орай бір топ сала ардагерлеріне сый-сияпаттар табыс етілді. Қазыналы қарттарымызды, аға буын өкілдерін ардақтай берейік!   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie?start=45#sigProIdc84f2fda77

  • Бас дәрігер Я.Шорабаев сала қызметкерлері арасында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарға тоқталып өтті.   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie?start=45#sigProIdbe053bbd12

  • Медициналық қызмет сапасын арттыру, медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізу жұмыстары кеңінен өріс алып жатқаны белгілі. Осы бағытта ауданымыздағы кәсіби мамандардың біліктілігін арттыру бойынша түрлі шаралар қабылдануда. Әсіресе кадрлар біліктілігіне баса назар аударылуда. Жақында аудандық емхананың көз дәрігері Әжібеков Бақытжан Қанжарбекұлы Ресей Федерациясына қарасты Татарстан мемлекетінің Казань қаласына біліктілік арттыру курсына барып қайтты. Он күн бойына жалғасқан бұл оқу курсы облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Ая-Хан» оқу орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Біліктілік арттыру курсында болып қайтқан дәрігер Б.Әжібеков Казань қаласындағы "AMTEC-KAZAN» жоғары медициналық технологиялар университетінде ұйымдастырылған оқу барысында «Витреоренитальды хирургия» бойынша оталар жасауға қатысқанын, сондай-ақ білікті дәрігер, Казань мемлекеттік медицина университетінің кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Самойлов Александр Николаевич дәріс бергендігін айтады. Медицинасы жақсы дамыған шет мемлекеттерде өткізілетін осындай біліктілік арттыру курстары алдағы уақытта да жалғаспақ. Баспасөз хатшысы   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie?start=45#sigProIdd10e146c09