1. «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
  2. «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
  3. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
  4. «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
  5. «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
  6. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
  7. «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
  8. «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
  9. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
  10.  «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
  11. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қатарындағы «Дәрігерді үйге шақыру», «Дәрігердің қабылдауына жазылу» және «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары тiкелей жүгіну арқылы және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат ұсынады, ал порталға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Емдеу және алдын алу ұйымдары бойынша 2018 жылдың 6 айында 21266 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «электронды үкімет» www.e.gov.kzвеб-порталы арқылы 9259 қызмет ұсынылды.Емдеу ұйымдары тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына қатысты қосымша ақпараттарды (8724-35) 22-6-22 байланыс телефоны арқылы білуге болады.

Ұйымдастыру және әдістеме

бөлімінің меңгерушісі Г.Абитаева