Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі
МСБ продление льготного периода до 2021 г. - скачать
http://openjanakorgan.kz/obrazovanie/mindetti-meditsinaly-sa-tandyru-zh-jesi#sigProIde4a443f79c
http://openjanakorgan.kz/obrazovanie/mindetti-meditsinaly-sa-tandyru-zh-jesi#sigProId5a463cb68c
http://openjanakorgan.kz/obrazovanie/mindetti-meditsinaly-sa-tandyru-zh-jesi#sigProIda5d9ccf0bb
100 сурак 100 жауап - жүктеп алу
ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Жаңақорған аудан әкімдігінің қолдауымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен орталық алаңда «Денсаулық сандарына қол жеткіз!»ұраны аясында «Денсаулық фестивалі - 2019»кең ауқымды акциясы өтті. Фестиваль аясында мекемелерде таңертеңгілік жаттығулар, халыққа қызмет көрсететін мекеме қызметкерлерінің қатысуымен жаппай жүгіру, аудандық спорт бөлімінің басшылығымен спорттық сайыстар, аудандық білім бөлімінің бастамасымен мектеп оқушыларының флеш-моб акциясы ұйымдастырылды. Сондай-ақ Жаңақорған аграрлы колледжінің ұжымы мен студенттері фестивальда аса белсенділік танытты. Орталық алаңға келушілерге аудандық емхананың жылжымалы медициналық кешенінің қызметі ұсынылды. Сайыс жеңімпаздары мен фестивальға белсене қатысқан бір топ азаматтар марапатталды.
http://openjanakorgan.kz/obrazovanie/mindetti-meditsinaly-sa-tandyru-zh-jesi#sigProIdf0aee64a7b
МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ
САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет кепілі және дәрі-дәрмектік жәрдем көрсетуді қамтамасыз етеді. МӘМС жүйесі халық денсаулығын әлеуметтік тұрғыда қорғайтын мемлекеттік бірден-бір жүйе және бұл жүйе денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. МӘМС жүйесін ендіру жан-жақтылық, әлеуметтік әділеттілік пен ынтымақтастық принциптеріне негізделген. МӘМС жүйесі бойынша мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек шеңберінде жедел жәрдем және санитариялық авиация, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезіндегі медициналық көмек, шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық көмек және профилактикалық егулер Қазақстанның барлық азаматтарына қолжетімді болады. Сондай-ақ МӘМС жүйесіне қатысушы азаматтар амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек, стационарды алмастыратын көмек, жоғары технологиялық медициналық қызмет түрлерін пайдалана алады.
Аурухана әкімшілігі
Медициналық сақтандыру қорына
қызылордалықтар 5,6 млрд. теңге аударды
Шілде айында түскен сақтандыру жарнасының көлемі 276,3 млн. теңгеге жетті, - деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев.
2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 шілдесіне дейінгі аралықта Қорға 5,6 млрд. теңге түсті. Аударымдар жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғаларға, сондай-ақ жұмыс берушілерге тиесілі.
Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 96,8% немесе 5,4 млрд. теңгесін жұмыс берушілер, қалған 3,2% немесе 175,2 млн. теңгені – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған.
Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалының
Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімі
АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін насихаттау жұмыстары Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалында жалғасын тапты. Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған бұл аталмыш жиынға жекелеген аудан кәсіпкерлері мен кәсіпкерлікті жаңадан бастаушы тұлғалар қатыстырылды. МӘМС жүйесі бойынша оқу сағатын аудандық емхана меңгерушісі С.Үсейнов өткізіп, қатысушыларға МӘМС жүйесі жөнінде кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ МӘМС жүйесі жайлы ақпараттар қамтылған тақырыптық үнпарақшалар таратылды.
http://openjanakorgan.kz/obrazovanie/mindetti-meditsinaly-sa-tandyru-zh-jesi#sigProId44f3a85526
МӘМС жүйесі түсіндірілді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру жұмыстары жалғастырылуда. Аудандық емхана меңгерушісі Үсейнов Сәкен Әлеудинұлы сала қызметкерлеріне МӘМС жүйесі бойынша енгізілген өзгерістер жайлы түсіндірді және үй аралау барысында осы бағыттағы ақпараттық жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
http://openjanakorgan.kz/obrazovanie/mindetti-meditsinaly-sa-tandyru-zh-jesi#sigProIdf06604b717