Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі
Ішкі аудит қызметі - денсаулық сақтау ұйымының қызметін жоспарлауды, ұйымдастыруды, уәждеуді, ішкі аудитті, сондай-ақ, медициналық көмек сапасын жақсарту мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және қызметтің кемшіліктерін алдын алуға және жоюға бағытталған басқа да шараларды қамтитын үздіксіз, өзара байланысты іс-қимылдың жүйелі, тәуелсіз және құжаттамаланған процесі.
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметінің негізгі мақсаты: халыққа ұсынылатын медициналық қызмет сапасын жақсарту.
Қазақстан Республикасы " Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексінің 58-бабына сәйкес Амбулаториялық – емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің бұйрығымен 2014 жылдан бастап Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі құрылды. Мекеменің Аудит қызметі мынадай негізгі міндеттерді шешеді:
- Бекітілген тұрғындарға сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- медициналық көмек процесін ішкі бақылау және медициналық қызметтерді жақсарту жөніндегі басқару шешімдерін қабылдауды ұсыну, ұйымдастыру;
- Пациенттерден Call – орталығына, аурухананың «ыстық желі» телефонына түскен проблемаларын (өтінішін) «Осы жерде және қазір» принципі бойынша шешу;
- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде көмек көрсету ережелерін сақтау;
- Көрсетілген көмек қызметінің сапасына тұрғындардың қанағаттануын көтеру;
- Жұмыс барысында ахауларды болдырмау, медициналық көмек сапасын, тиімділігін арттыру.
Медициналық қызметкерлердің білім деңгейінің жоғарылығы көрсетілген медициналық көмектің кепілі болып саналады. Сондықтан да біздің ауруханада пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметінде жоғары санатты, тәжірибесі мол мамандар жұмыс жасайды.
Ішкі бақылауды тәуелсіз және объективті жүргізуді қамтамасыз ету үшін Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі бөлек құрылым болып қаралған.
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметімен тұрғындардың медициналық қызметтермен толық қамтамасыз етілуі, тұтынушылардың өтініштері мен қоғамдық пікірлерді әр түрлі интернет алаңын күнделікті зерделеу арқылы жүргізіледі.
Сайтқа, Call – орталығына, аурухана «ыстық желі» телефонына, арыз –шағым және өтініш жәшіктеріне түскен мәліметтер өңделіп басқару шешімдерін әзірлеу және түзету іс-шараларын қабылдау үшін қызмет басшысына ұсынылады.
Қандай жағдайларда Пациенттерді қолдау қызметіне жүгіну қажет?
Егер Сіз:
- Көрсетілген медициналық көмек сапасына көңіліңіз толмаса;
- Медицина қызметкері медициналық көмек көрсету кезінде дөрекілік танытса;
- Медицина қызметкері тарапынан тегін медициналық көмектің кепілдендірілген шеңберінде көмек көрсету барысында ақшалай сыйақы сұрау фактісі орын алса;
- Және де басқа да медициналық көмек сапасына байланысты проблемалар туындаса.
Қайда жүгінуге болады?
Аурухананың қабылдау бөлімінде, аудандық емхананың бірінші қабатында орналасқан арыз-шағым немесе ұсыныстар жәшігіне жазбаша түрде барлық байланыс деректерін жазып салуға немесе үшінші қабатта орналасқан дәрігер экспертке қалдыруға болады;
- Аурухананың, емхананың кіре беріс фойесінде орналасқан бас дәрігер және оның орынбасарларының қабылдау кестесі арқылы аурухана әкімшілігіне жүгінуге;
- Ауызша жүгінуді тез арада шешім қабылдау үшін «ыстық желі» телефонына хабарласуға болады (8-72435-21-162).
Аурухана әкімшілігі