Тарихы
«Жаңақорған ауданаралық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мекемесінің Тәуелсіздік жылдарындағы тарихы
Тәуелсіздік жылдарында ашылған емдеу ұйымдары мен емдеу ұйымдарын басқарған басшылар, төсек қорлары:
1990-1994 жж. Жаңақорған ауданының денсаулық сақтау саласын «Құрмет» орденінің иегері, жоғары дәрежелі дәрігер-реаниматолог Асылбек Тоғызбаев басқарып, төсек саны 201-ге жеткен. Осы жылдары аудандық орталық ауруханада реанимация, жедел жәрдем бөлімдері ашылды.
1991 жылы аудандық тері-жіңішке аурулар диспансері ашылып, оны 1991-2000-2006 жж. Өтепберген Бердиев басқарса, 2006-2009 жж. бас дәрігер І санатты дәрігер ұйымдастырушы Сәкен Үсейінов болды.
1994-2011 жж. аудандық орталықтандырылған аурухананы «ҚР Еңбегі сіңген дәрігер», «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі», жоғары дәрежелі хирург Нүрділда Талипов басқарды. 1995 жылдан бастап терапия бөлімі-50 орынға, хирургия бөлімі – 50 орынға, әйелдер босанатын бөлім – 55 орынға ұлғайтылып, білікті маман, 1- дәрежелі дәрігер-травматолог Зұлхарнай Ысқақовтың меңгерушілігімен жаңадан 35 төсектік жарақаттар бөлімі ашылды. Жыл соңында төсек саны 315-ке жетті.
1996 жылдан бастап 22 ФАП халыққа қызмет көрсетті. Бас дәрігердің орынбасарлары мен бөлім меңгерушілері, білікті дәрігерлер Сәулебек Ысқақов, Ғабит Үйсінбаев, Гүлнар Қамырбаева, Сұлтанбек Әлходжаев, Гүлбахрам Сқақова, Ділда Медетова, Ханзада Байниязова, Тәңірберген Әмитов, Молдахмет Искаков, Талғат Аблаевтар елдің ыстық ықыласына бөленіп, жемісті еңбек етті. 1991 жылы аудандық ауруханада 6 төсектік жандандыру бөлімі ашылып, оның меңгерушісі бірінші санаттағы дәрігер Молдахмет Искаков болды.
1999 жылы Жаңақорған аудандық денсаулық сақтау бөлімі құрылып, 1999-2002 жж. бөлім меңгерушісі жоғары санатты дәрігер Сәкен Әлсейт болды.
1999-2002 жж. Жаңақорған аудандық емханасының бас дәрігері «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі», жоғары санатты дәрігер-фтизиатр Ерғабит Ильясов, 2002-2005 жж. аралығында емхана бас дәрігері Зәуреш Тлепбаева, 2005 жылы емхана бас дәрігері І санатты дәрігер-ұйымдастырушы Сәкен Үсейінов, 2005-2011 жж. емхана бас дәрігері І санатты дәрігер-ұйымдастырушы, жоғары дәрежелі хирург Сәулебек Ысқақов, 2011-2014 жж. емхана бас дәрігері дәрігер-педиатр Жақсылық Абдусаметов болды.
Аудандық емхана 2000 жылға дейін Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының құрамында болды. 2000 жылдан бастап дербес Жаңақорған аудандық емханасы болып қайта ашылды. Аудандық емхана мекемесінің құрамында 8 бөлім, 17 дәрігерлік амбулатория, 8 ФАП, 10 медициналық пункт болды. 2010 жылдан бастап аудандық емхана жанынан 80 төсектік күндізгі стационар ашылды.
2008 жылы Жаңақорған кенті орталығында 190 төсектік жаңа орталық аурухана ғимараты пайдалануға берілді.
2012 жылдан бастап Шиелі, Жаңақорған аудандарының елдімекендеріне мамандандырылған жылжымалы медициналық кешен қызмет көрсетіліп келеді.
2014 жылдың маусымынан бастап аудандық емхана мен аудандық аурухана мекемелері біріктіріліп, «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ны болып қайта құрылып, бас дәрігер қызметін «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі», І санатты дәрігер-ұйымдастырушы, жоғары дәрежелі хирург С.Ысқақов атқарып келеді.
2013-2014 жж. «Жол картасы» аясында тәулік бойы қызмет атқаратын 10 төсектік Талап, Бірлік, Қожакент, Келінтөбе ауылдық ауруханалары ашылды.
Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасынан туындайтын міндеттерді іске асыру және аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде интеграцияланған тәсілді қамтамасыз ету мақсатында 5 бағыт бойынша дайындалған Жол карталарымен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аудан бойынша ана мен бала денсаулығын қорғау қызметінің біріктірілген үлгісін енгізуге және жұмысының тиімділігін көтеру жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Ғ.Төребаеваға, бас акушер-гинеколог Г.Тұрлыбековаға және бас бала дәрігері Ұ.Үрінбаеваға жүктелсе, жіті миокард инфарктісі мен ми қанайналым жіті бұзылыстары кезіндегі медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған Жол картасын іске асыруға жауапты болып бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары З.Тлепбаева, жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі А.Жиенбаев, терапия бөлімінің меңгерушісі Р.Жунисов және дәрігер-невропатолог Т.Жапар бекітілді. Үшінші бағыт бойынша, яғни жарақаттану кезіндегі медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты болып бас дәрігердің пациенттердi қолдау және iшкi аудит жөніндегі орынбасары Г.Қамырбаева, жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі А.Жиенбаев және хирургия бөлімінің меңгерушісі дәрігер-травматолог Ғ.Есетов бекітілді. Сондай-ақ аудан бойынша онкологиялық ауруларды бақылаудың біріктірілген үлгісін енгізу жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру жұмыстарының жауапкершілігі бас дәрігердің орынбасары Ж.Абдусаметовке, дәрігер-онколог С.Умароваға жүктелді. Сондай-ақ «Жол картасы» аясында емдеу және алдын алу ұйымдарындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттырудың 2016-2018 жылдарға арналған перспективалық жоспарына сәйкес сала мамандары біліктіліктерін арттыратын болады. Медициналық көмек көрсетуде интеграцияланған тәсілді қамтамасыз ету мақсатында 5 бағыт бойынша дайындалған Жол карталарында көрсетілген көрсеткіштерге жету үшін нақты шаралар қабылдануда.
«Емдеу және алдын алу ұйымдарын қайта құру туралы» облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес, 2016 жылы мекеме атауы өзгертіліп, «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.
Бүгінде ауданда 1 аудандық аурухана, 1 аудандық емхана, 6 ауылдық аурухана, 17 дәрігерлік амбулатория, 8 ФАП, 10 медициналық бекет халыққа қызмет көрсетуде. Аудандық орталық аурухана мекемесі бойынша 143 дәрігер, 689 орта буынды медицина қызметкері, 235 тазалықшы, 298 тех.персоналдар жұмыс жасайды. Жалпы дәрігерлердің 15-і жоғары санатты, 24-і бірінші санатты, 13-і екінші санатты дәрігерлер. Орта буын медицина қызметкерлерінің 145-і жоғары санатты, 97-і бірінші санатты, 61-і екінші санатты қызметкерлер.
Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011- 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында халық денсаулығын жақсарту жолында аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық- техникалық базалары нығайтылып, әлемдік озық тәжірибелер қолданысқа енгізіліп, медициналық қызмет сапасын арттыру, профилактикалық медицинаны дамыту, ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылды.Тәуелсіздік жылдарындаЖаңақорған ауданының денсаулық сақтау саласы бойынша «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Жайылма, Қыраш, Қосүйеңкі, Кеңес, Құттықожа елді мекендерінде фельдшерлік акушерлік бекеттер салынып халыққа қызмет көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда ауданға қарасты елді мекендер 100 пайыз денсаулық нысандарымен толық қамтылған.
2014 жылдың желтоқсанында аудан орталығында 250 науқасты қабылдауға арналған типтік жобадағы емхана құрылысы басталса, 2015 жылы Түгіскен ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы басталды. Төменарық елдімекенінде 40 төсекке арналған ауылдық аурухана құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, құзырлы органдарға ұсыныстар жолданды.
Материалдық-техникалық жарақтандырылуы
Емдеу ұйымдарының материалдық базасын нығайту мақсатында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде соңғы жылдары Жаңақорған ауданына 3 дана Камаз жылжымалы медициналық кешен автокөліктері, 2 дана Реанимобиль ИВЕКО жедел-жәрдем автокөліктерi, 2 дана Желілік ИВЕКО жедел жәрдем автокөліктері, 12 дана санитарлық уаз автокөліктері мен 1 дана Хюндай желiлiк автокөлiгі және т.б көптеген қажетті аппараттар мен медициналық құрал жабдықтар алынды.
Мамандандырылған жылжымалы медициналық кешен
Аудан орталығынан шалғай жатқан елдімекен тұрғындары 2011 жылдан бастап мамандандырылған жылжымалы медициналық кешен қызметін тұрақты пайдаланып келеді. 2015 жылы Шиелі, Жаңақорған аудандары бойынша 53 181 тұрғын осы жылжымалы медициналық кешен қызметін пайдаланды.
Телемедицина мен санавиация қызметі
Аудан тұрғындары диагностика мен емдеудің инновациялық мобильдік технологияларын пайдалану, яғни санитарлық авиация мен телемедицина арқылы мамандандырылған көмектер алуда. Телемедицина қызметінің жыл өткен сайын қажеттілігі артуда. Оның айғағы 2014 жылы түрлі деңгейдегі науқастарға 61 рет телемедицина арқылы білікті мамандар көмегі пайдаланылса, 2015 жылы осы телемедицина арқылы 175 телеконсультациялар мен телеконференциялар өткізілді. 2015 жылы облыс орталығынан ауданға 414 науқасқа санитарлық авиация қызметі шақыртылса, 2016 жылдың есепті мерзіміне 114 рет санавиация қызметі пайдаланылды. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде алғашқы медико-санитарлық көмекті жетілдіруге, медициналық қызмет сапасын арттыруға, медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, бір сөзбен айтқанда нысаналы межелі индикаторлық көрсеткіштерге қол жеткізілді.
Жедел жәрдем қызметі
1993 жылға дейін жедел жәрдем қызметі аудандық аурухана құрамында болып келді, 1993 жылдан бастап аудандық емхана жанынан арнайы жедел жәрдем бөлімі ашылып халыққа қызмет көрсете бастады. 1993 жылы жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі Мейрамбек Жармұхамедов болды. Бүгінде жедел жәрдем бөлімі 4 жедел жәрдем автокөлігі мен 4 реанимобиль автокөліктерімен қамтамасыз етілген.
Соңғы жылдары медицина қызметкерлерiнiң біліктілігін арттыруға және іс-тәжірибе алмасуларға баса назар аударылуда. 2015 жылы Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық орталығының мамандары ауданға келіп, сала дәрігерлері мен орта буын медицина қызметкерлері арасында мастер-класстар өткізсе, Н.Сызғанов атындағы хирургия ұлттық ғылыми орталығы мен Алматы қаласындағы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының білікті мамандары келіп, хирургия саласы бойынша күрделі мәселелер төңірегінде дәрістер өткізіп қайтты.
Ана мен бала денсаулығы
Ауданда ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесі бойынша да жедел шаралар қолға алынды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде соңғы үш жылдың көлемінде аудан бойынша ана өлімі тіркелген жоқ. Үй жағдайында қайтыс болатын сәбилердің өлім-жітімін болдырмау мақсатында 2015 жылы аудан бойынша 124 микроаймақ құрылып, 124 мейірбике күнделікті көше аралау жұмыстарын тұрақты жүргізуде, бұл жұмыстар жіті қадағалауға алынды. Төменарық, Талап, Қыркеңсе, Қандөз елдімекендерінде дені сау бала бөлмесі мен ресурстық орталықтар ашылып, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілді.
Емдеу ұйымдарының төсек қорын оңтайландыру
Біріңғай Ұлттық Денсаулық сақтау жүйесі аясында тәуліктік стационарлық қызмет оңтайландырылып, бастапқы медико-санитарлық қызметке басымдықтар берілуде. Осы жылы ауданнан 5 төсектік ауданаралық көз аурулары бөлімін ашуды және перзентхана бөлімінен ІІ-деңгейдегі босануды қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. 2016 жылы Жаңақорған ауданы бойынша жалпы төсек қоры – 200. Осы жылы профильдері ұқсас бөлімшелердің төсектері біріктіріліп, атап айтқанда гинекологияның төсек қоры хирургия бөлімінің құрамына және патология төсек қоры перзентхана бөлімінің құрамына ауыстырылып жалпы 10 төсекке қысқартылды. Сондай-ақ тәуліктік қызмет көрсететін 10 төсектік тері аурулар бөлімі қысқартылып, күндізгі стационарға ауыстырылды. Хирургия бөлімінің төсек қоры есебінен 5 төсек онкологиялық науқастарға паллиативтік көмек көрсету мақсатында бөлінді. Балалар бөлімінің төсек қорынан 8 төсек неврологиялық науқасы бар балаларға арналып бөлінді.
2024 жылдың 6 айындағы негізгі көрсеткіштер жайлы.
2021-2025 жылға арналған «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы аясындағы 2024 жылдың 5 айында 74 787 аудан халқына 230 орынға арналған тәуліктік орталық аурухана, 2 ауылдық аурухана (Төменарық АА 10 төсек, Қандөз АА 5 төсек), 1 аудандық емхана, 17 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік бекет, 10 медициналық бекет, 50 жалпы тәжірибелі дәрігерлік аймақ қызмет көрсетті. 1 жалпы тәжірибелі дәрігердің жүктемесі орташа есеппен алғанда 1493 болып отыр.
Кадрлық қызмет:
Ұйымда 169 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, дәрігермен қамтылу деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 22.6 (2023 жылы 22.4), дәрігерлердің 94-нің немесе 55.6%-ның біліктілік санаттары бар. Орта буынды мамандар - 847, олардың 539-ы немесе 63.6%-ның біліктілік санаты бар.
Демографиялық көрсеткіш: 2024 жылдың 5 айында аудан бойынша 716 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 9.6‰ (2023 жылдың 5 айында 775/10.4‰), табиғи өсім көрсеткіші 7.6‰ (2023 жылдың 5 айында 8.5‰) құраса, 2023 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда туу көрсеткіші 0.8‰, табиғи өсім 0.9‰ төмендеген.
2024 жылдың 5 айында аудан бойынша 153 өлім жағдайы тіркеліп, көрсеткіші 2.0‰ (2023 жылдың 5 айында 140/1.9‰) және 2023 жылдың 5 айымен салыстырғанда өлім-жітім 0.1‰ жоғарылаған.
Ауданның денсаулық сақтау саласына 2024 жылға 6 728.1 млн теңге қаржы жоспарланып отыр. Оның ішінде: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне 3 567.9 млн теңге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 3 160.1 млн теңге.
Материалдық-техникалық базаны нығайту:
Төменарық ауылына 15 төсек орындық ауылдық аурухана емханасымен бірге құрылысы жүргізілуде.
1985 жылы пайдалануға берілген Әбдіғаппар және 1978 жылы пайдалануға берілген Жаманбай батыр ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялардың жаңа ғимаратын салу жұмыстарын жүргізуге ОДСБ тарапынан жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. 2023 жылы мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, құрылысы 2024 жылы Жаманбай батыр ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимараның құрылыс жұмысы басталды.
Қандөз ауылдық аурухана ғимараты 2006 жылы қолданысқа берілген (халық саны 1510, құрамында Көктөбе, Қалғансыр, Қашқанкөл медициналық бекеттері бар), Келінтөбе дәрігерлік амбулатория ғимараты 1981 жылы қолданысқа берілген, Қожакент дәрігерлік амбулаториясы 1988 жылы қолданысқа берілген болатын. Сол уақыттан бері ғимараттарға ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Қазіргі таңда осы ғимараттардың қабырғалары жарылып, сылақтары түскен. Жылу жүйесі мен су құбырлары шіріп қайтадан жөндеуді қажет етуде. Едендері толқып жарылып, есік, терезелерінің ағашы тозып, қысқы мезгілде жылу ұстамайтын күйде. Осы ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты жобалық смета жасатуға және мемлекеттік сараптамадан өткізуге сұраныс берілді.
2025 жылы Жайылма ауылында халық санының артуына байланысты типтік жобада дәрігерлік амбулатория құрылысын салу жоспарлануда, сондай-ақ 1990 жылы пайдалануға берілген Шалхия дәрігерлік амбулаториясына жаңа ғимаратын салу жоспарлануда.
Аудандық орталық емхана салынған жылы 2016.
Аудандық орталық аурухана салынған жылы 2008.
Дәрігерлік амбулаториялар:
Қандөз дәрігерлік амбулаториясы (ДА) (Врачебная амбулатория ВА) 2006 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 1510. Оның ішінде:
Көктөбе медициналық бекеті (МБ) (медицинский пункт МП) 2017 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 550.
Қашқанкөл МБ халық саны 98, Қалғансыр МБ халық саны 68.
Қаратөбе дәрігерлік амбулаториясы (ДА) (Врачебная амбулатория ВА) 2023 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 1456.
Қожакент дәрігерлік амбулаториясы (ДА) (Врачебная амбулатория ВА) 1988 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 3034.
Түгіскен дәрігерлік амбулаториясы (ДА) (Врачебная амбулатория ВА) 2015 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 4091.
Келінтөбе дәрігерлік амбулаториясы (ДА) (Врачебная амбулатория ВА) 1981 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 2792.
Өзгент дәрігерлік амбулаториясы (ДА) (Врачебная амбулатория ВА) 2021 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 2495. Оның ішінде:
Ақжол фельдшерлік-акушерлік бекеті 2019 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 951.
Ақсуат медициналық бекеті (МБ) (медицинский пункт МП) 2017 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 638.
Жаңарық дәрігерлік амбулаториясы (ДА) (Врачебная амбулатория ВА) 2022 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 1676.
Қыркеңсе дәрігерлік амбулаториясы (ДА) (Врачебная амбулатория ВА) 1985 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 1695.
Кейден дәрігерлік амбулаториясы (ДА) 2010 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 1279. Оның ішінде:
Аққұм медициналық бекеті (МБ) 2017 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 469.
Қауық медициналық бекеті (МБ) халық саны 34, оның ішінде 0-1 жас 2 бала, 0-18 жас 9. Орта буын медицина қызметкерлері бекітілгені 1,0 штаттық бірлік, қамтылған штат 1,0, адам саны 1 қызметкер.
Байкенже дәрігерлік амбулаториясы (ДА) 2010 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 1170. Оның ішінде:
Қандықұдық медициналық бекеті (МБ) 2019 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 276.
Төменарық дәрігерлік амбулаториясы (ДА) 2010 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 3924. Оның ішінде:
Қожамберді фельдшерлік-акушерлік бекеті 2019 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 1173.
Сунақата дәрігерлік амбулаториясы (ДА) 2016 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 3049. Оның ішінде:
Екпінді фельдшерлік-акушерлік бекеті 2012 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 787.
Еңбек медициналық бекеті (МБ) 2017 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 557.
Сүттіқұдық дәрігерлік амбулаториясы (ДА) 2016 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 3161. Оның ішінде:
Жайылма фельдшерлік-акушерлік бекеті 2011 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 1355.
Шалхия дәрігерлік амбулаториясы (ДА) 1990 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 2492. Оның ішінде:
Құттықожа фельдшерлік-акушерлік бекеті 2014 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 851.
Бірлік дәрігерлік амбулаториясы (ДА) 2021 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 5521. Оның ішінде:
Қосүйеңкі фельдшерлік-акушерлік бекеті 2011 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 602.
Қыраш фельдшерлік-акушерлік бекеті 2013 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 729.
Ст.Талап медициналық бекеті (МБ) 2019 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 475.
Талап дәрігерлік амбулаториясы (ДА) 1978 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 2752. Оның ішінде:
Кеңес фельдшерлік-акушерлік бекеті 2012 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 930.
Бесарық дәрігерлік амбулаториясы (ДА) 2010 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 3040. Оның ішінде:
Манап медициналық бекеті (МБ) 2009 жылы қолданысқа берілген. Халық саны 534.
Аурухана бойынша: ҚР ДСМ 24.03.2022 жылғы №ҚР-ДСМ-27 «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес стационарлық көмек көрсету тәртібі белгіленген. Ауруханада барлық төсек саны - 245. Тұрғындардың төсек-орынмен қамтамасыз етілуі 10 мың тұрғынға шаққанда 32,8 (2023 жылдың 5 айында 31.0). Түскен науқас саны - 3184 (2023 жылдың 5 айында 3466), емделіп шыққан науқас - 3138 (2023 жылдың 5 айында 3467), өткізілген төсек күні - 24998 (2023 жылдың 5 айында 26854), төсек жұмысы – 102,0 (2023 жылдың 5 айында 116.8), төсек айналымы – 12,9 (2023 жылдың 5 айында 15.2), орташа жату күні – 8,0 (2023 жылдың 5 айында 7.7), төсектің орындалуы - 97.7% (2023 жылдың 5 айында 90.4%).
МӘМС жүйесін ақпараттандыру жұмыстары бойынша: 2023 жылдың қорытындысы бойынша 10189 тұрғынның әлеуметтік мәртебесі сақтандырылмаған, яғни бұл көрсеткіш жалпы тұрғынның 13,6% құрайды.Тұрғындарға қатысты медицина қызметкерлері тарапынан күнделікті қабылдауға келген, үйге шақырту жасаған тұрғындарға және көше аралау кезінде қаралған тұрғындарға медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі жайында кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Түсіндірме жұмыстары кезінде 600 дана МӘМС жүйесінің 2023 жылға арналған жаднамалары таратылды. Сонымен қатар емхананың мәжіліс залында медицина қызметкерлері арасында биылғы жылға арналған МӘМС жүйесі бойынша 2 семинар сабақ, 40 каскадты оқытулар өткізілді. Аймақтар бойынша апта сайын сақтандырылмаған азаматтардың көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіледі.
Жылу жөнінде тоқталсақ орталық аурухана мен емхана ғимараттарының жылу жүйелері газға қосылған болса, ауылдық елді мекендердегі барлық дәрігерлік амбулаториялар мен ауылдық ауруханалар қатты отынмен (тас көмір) арқылы жылытылады. Алайда қазіргі кезде Бірлік , Құттықожа, Қыраш, және Кейден ауылдарындағы медециналық бекеттердегі жылыту пештерін газбен жылытуға жобалық сметалық құжаттарды әзірлеп жатырмыз алдағы уақытта шешімін табатын болады. Аудандық орталық аурухананың жылу қазандығында 2023 жылы тапсырыс берілген болатын, биылғы жылы 4 бу қазандығы жаңадан келіп орнату барысында, Осы уақытқа дейін жасап келген жылу пештерінің 1-уі дизель отынына қосылып жұмыс атқарады, қалған 3- уі газ қондырғылары арқылы іске қосылып, жұмыс жасап келеді. Осы 4 бу қазандығының 1-уі тозығы жетіп, мүлдем істен шыққан болса, қалған 3 бу қазандығының техникалық жай күйі яғни жұмыс жасау қабілеті нашарлаған еді сол себепті жаңа пештерді ауыстырып жатырмыз. (Машбек ауылындағы фельдшерлік акушерлік бекеттің жылы қазандығының құбыры дұрыс болмай қайта жөндеуден өткізуіміз қажет)
Ауруханаға қарасты ауылдық елді мекендердегі 32 дәрігерлік амбулаториялардың барлығының дерлік жылу жүйелерімен бу қазандықтарының жай күйлері қанағаттанаралық жағдайда.
Жетіспейтін мамандықтар. Ұйымда 172 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, дәрігермен қамтылу деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 22.6, дәрігерлердің 100-нің немесе 58.1%-нің біліктілік санаттары бар. Орта буынды мамандар – 838, олардың 557-ы немесе 66.4%-ның біліктілік санаты бар. Қәзіргі кезде жетіспейтін мамандықтарға тоқталсақ көз дәрігері (офтальмолог), ересектер және балалар, құлақ, мұрын және тамақ (оториноларинголог) дәрігері, жетіспеушілігі бар.
( Көпбейінді ауданаралық ауруханаға қажетті МРТ және ангиограф аппараттарын алу жоспарлануда және де осы аппараттарды орналастыру үшін аудандық аурухана жанынан талапқа сай жаңа ғимарат құрылысын салу қажет деп табылып отыр. 2023-2024 жылы Көпбейінді ауданаралық аурухана құрамынан 6 төсекке арналған «Чрескожное коронарное вмешательство» (ЧКВ) бөлімі, 6 төсектік нейроинсульттық бөлім, 3 төсектік реанимациялық, сондай-ақ реабилитация бөлімшесіне қосымша 15 төсек, хирургия бөлімшесіне қосымша 6 травматологиялық төсек қорын ашу жоспарлануда. )
Бүгінгі таңдағы сала басшылары:
Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық аурухана бас дәрігері; Амитов Тәңірберген Амитұлы
Бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Төребаева Ғалия Қуандыққызы;
Бас дәрігердің бастапқы медико-санитарлық ісі жөніндегі орынбасары Арыспаева Ақмарал Жоламанқызы;
Бас дәрігердің стационарлық қызмет жөніндегі орынбасары Әжібеков Бақытжан Қанжарбекұлы;
Бас дәрігердің ішкі аудит жөніндегі орынбасары Мырзаметова Ақсәуле ;
Бас дәрігердің экономикалық сұрақтар жөніндегі орынбасары Жұбаниязов Мелс Елеусінұлы.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Жаңақорған ауданы бойынша «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалін иеленген азаматтар:
Тоғызбаев Асылбек, Әлходжаев Сұлтанбек, Сқақова Гүлбахрам, Ысқақов Сәулебек, Хайнекеева Зөре, Жамурова Мырзагүл, Аблаев Талғатбек, Әмитов Тәңірберген, Сарбасова Гүлзипа, Төребаева Ғалия, Теміржанова Ғалия.
2013 жылы Жаңақорған аудандық емханасы «Сала Көшбасшысы-2013» медалімен марапатталған. 2013 жылы аудандық емхана бас дәрігері Жақсылық Абдусаметов «Қазақстан Даңқы» орденімен марапатталды.