Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесі медициналық қызмет сапасын арттыруға, медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз етуге, емдеу ұйымдары арасындағы бәсекелестікті арттыруға жол ашады. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР-ның Заңы қабылданып, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» құрылды және МӘМС жүйесін енгізу бойынша әзірленген ведомствоаралық іс-шаралар негізінде тұрғындардың әлеуметтік мәртебесін (статус) анықтау жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін жарналар мөлшері нақтыланды. Емдеу ұйымдарындағы «Бекітілген халық тіркелімі» (РПН) электронды базасы бойынша қайта түгендеу жұмыстары ұйымдастырылуда. Себебі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін РПН-ге тіркелмеген тұрғындарға медициналық көмек көрсету кезінде едәуір қиындықтар туындайтыны белгілі. Сондықтан барлық тұрғындар өздерінің тұрғылықты жерлері бойынша емдеу және алдын алу ұйымдарына төлқұжаттарымен келіп тіркелулері тиіс, сондай-ақ әрбір тұрғын өздерінің әлеуметтік мәртебесін нақтылап алғандары жөн. МӘМС жүйесі енгізілгеннен кейін сақтандырылмаған қазақстандықтарға тек қана жедел жәрдем стационарлық көмек, профилактикалық екпелер, әлеуметтік маңызы бар, яғни онкологиялық аурулар, туберкулез, қант диабеті т.б. кезінде, сондай-ақ төтенше жағдайда ғана медициналық көмек тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған азаматтарға басқа медициналық көмектердің барлығы ақылы негізде жүзеге асырылатын болады. Сондықтан барлық азаматтар медицина саласы бойынша жаңадан енгізілгелі жатқан МӘМС жүйесіне жете мән беріп, осы бастан сақтандыру шараларына белсене қатысқандары жөн. Әрбір азамат өзін және өзінің отбасы мүшелерінің ең әуелі жергілікті емдеу ұйымдарына тіркелгендігін РПН базасы арқылы тексертіп, әлеуметтік мәртебесін (статус) анықтап алғандары абзал. Ол үшін емдеу ұйымдарына жеке төлқұжатыңызбен барсаңыз жеткілікті, сонда отырған мамандар Сіздің емдеу ұйымына тіркелгендігіңізді, сондай-ақ әлеуметтік статусыңызды да нақтылап айтып береді. Жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту орталығына тіркелмеген азаматтар мен бейресми жұмыспен қамтылғандар жергілікті ауыл әкімдіктерімен және халықты жұмыспен қамту орталықтарымен байланысулары қажет. Сақтандырылған азаматтар МӘМС жүйесінің сақтандыру пакетін ала алады. Сақтандыру пакетіне: алғашқы медициналық-санитариялық көмек, жоспарлы медициналық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мейіргерлік күтім және паллиативтік көмек кіреді. Енді осы көмектердің әрқайсысына қандай көмек кіретіндігі жөнінде тарқатып айтар болсақ, алғашқы медициналық-санитариялық көмекке: амбулаториялық және күндізгі стационар жағдайында профилактика, диагностика, ауруларды емдеу, жүктілік ағымын бақылау, медициналық амалдар және т.б. қызметтер кіреді. Жоспарлы медициналық көмекке: стационарлық жағдайда емделуші өміріне қауіп төндірмейтін аурулар кезінде көрсетілетін көмектер кіреді. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге: амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсету барысындағы қызметтер кіреді. Мейіргерлік күтімге: ауыр сырқатқа ұшыраған, өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігінен айырылған, ұдайы сырттан күтім мен қарауға мұқтаж жандарға көмек көрсету қызметі кіреді. Паллиативтік көмекке: емделуге жатпайтын, өміріне қауіп төнген және аурулары асқынған емделушілердің өмір сүру сапасын барынша жайлы ету жөніндегі қызметтер кіреді. Міне, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылған азаматтарға осы қызметтердің барлығы тегін көрсетіледі.     2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Медициналық сақтандыру қорына жарна аудару жүргізіліп келеді. МӘМС жүйесін енгізу мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне байланысты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» төленетін жарналар мен аударымдар бойынша көптеген өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістерге сәйкес жеке тұлғалар жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылды. Жеке кәсіпкерлер 2017 жылдың шілде-желтоқсан айлары үшін, яғни 2017 жылдың алты айына жарна төлеп келді, бірақ 2018-2019 жылдар үшін жеке кәсіпкерлер жарна төлеуден босатылды. Алайда «Жеке кәсіпкерлер» мен «Шаруақожалық иелері» Жұмыс беруші ретінде қарамағындағы жалдамалы жұмысшылары үшін 2018-2019 жылдары Үкімет белгілеген ең төменгі айлықтық жалақыдан (ЕТЖК) 1,5 %, 2020 жылдан бастап – 2 % көлемінде жарна аударады. Сондай-ақ азаматтық-құқықтық келісім шарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарнаның мөлшері төмендетілді. Бұл санаттағы азаматтар да 2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылып отыр, бірақ 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылы табыстың 2 пайызы көлемінде жарна төлейді. Жұмыс берушілер үшін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» аударатын аударымдар мөлшері өзгеріссіз қалды, яғни Жұмыс берушілер қарамағындағы жұмысшылары үшін 2018-2019 жылдары 1,5 %, 2020 жылдан бастап 2 % көлемінде Қорға жарна аударады. Халықтың 14 санатына, яғни балалар, мүгедектер, зейнеткерлер мен Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, 3 жасқа толмаған бала тәрбиесімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар, бала туу, жас нәресте асырап алу және 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыс алғандар, 18 жасқа толмаған мүгедек бала тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар, орта, кәсіптік және техникалық, ортадан кейінгі, жоғарғы білім, сондай-ақ жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінде оқып жатқан тұлғалар, оқу орындарының күндізгі бөлімін бітіргендер (үш айға дейін), жұмыс істемейтін оралмандар, жұмыссыз ретінде тіркелгендер, тергеу изоляторында отырғандар, сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқандар үшін жарнаны мемлекет төлейді. Мемлекет тарапынан төленетін бұл төлемдер 2020 жылдан бастап жүргізіледі. «Медициналық сақтандыру туралы» Заңның 26-бабының 2 және 3 тармақтарына сәйкес жекелеген санаттар үшін мемлекет төлейтін жарна мөлшері 2020 жылға дейінгі екі жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4 пайызын құрайды. Мемлекет анықтаған жекелеген санаттарға жатпайтын тұлғалар ең төменгі айлық жалақының 5 пайызын төлеу арқылы сақтандыру жүйесіне қосыла алады. Сондықтан барша аудан тұрғындарын қолданысқа енгізілгелі жатқан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жете назар аударуды сұрай отырып, аталмыш мәселенің маңыздылығына мән беру қажет екендігін ескертеміз. Аурухана әкімшілігі

  • Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жөнінде нақты міндеттер атап көрсетілген. Осы Жолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру бағытында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарламаға орай еліміздің денсаулық сақтау саласында кешенді медициналық ақпараттық жүйесі енгізіле бастады. Қазіргі таңда аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдары осы жаңа жүйе бойынша жұмыс жасап келеді. Жаңа жүйенің ең алғашқы сатысы – емдеу ұйымдарына тіркелген тұрғындарды жүйенің электронды денсаулық паспортына енгізу. Осы электронды денсаулық паспорты арқылы кез-келген емдеу ұйымы қаралуға келген пациент жайлы қажетті ақпараттармен хабардар болады. Жүйенің тиімділігі: медициналық құжаттарды электронды жүйеге енгізу, яғни құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу, медициналық жазбалардың сапасы мен ақпараттылығын арттыру, бірқатар электронды бағдарламаларды біріктіру, басқа жүйелермен интеграциялау мүмкіндігі, тұрғындардың жыл сайынғы профилактикалық байқаулардан өту барысын қадағалау және де медициналық тексерулерге науқастарды кезек күттірмей алдын ала немесе белгілі бір уақытқа жазылуын қамтамасыз ету. Кешенді медициналық ақпараттық жүйесі арқылы емханаға келген науқастар ең алдымен тіркеу орны арқылы немесе «DamuMed» мобильді қосымшасы арқылы өзінің аймақтық жалпы тәжірибелі дәрігерінің қабылдауына жазыла алады. Дәрігер қарау кезінде науқасты аудандық немесе қалалық бейінді мамандарға консультациялық кеңес алуға, сондай-ақ рентгендік, зертханалық тексерулерге, күндізгі емдеу бөлімдеріне электронды түрде жолдай алады. Аудандағы емдеу ұйымдарында жыл басынан бері кешенді медициналық ақпараттық жүйесі арқылы дәрігерді үйге шақырту, бейінді мамандардан консультациялық кеңестер алу, «Д» есепке тұру, функционалдық, рентгендік, диагностикалық тексерулерден өту, дәрігерге дейінгі қарау, ерлер және әйелдерді қарау, скринингтік тексерулер, жалпы зертханалық тексерулер, еңбекке жарамсыздық парағын алу, иммунопрофилактикалық екпелер, т.б қызмет түрлері электронды түрде көрсетіліп келеді. Кешенді медициналық ақпараттық жүйесі бойынша «DamuMed» мобильді қосымшасының енгізілуі медициналық мекемелердегі кезек күтуді едәуір азайтуға септігін тигізуде. Сондықтан кез-келген пациент «DamuMed» мобильді қосымшасы арқылы электронды түрде дәрігердің қабылдауына жазыла алады немесе дәрігерді үйге шақырта алады, сондай-ақ жазылған рецептілерді, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін көре алады. Тағы бір айта кететін жәйт, «DamuMed» мобильді қосымшасын пайдаланушылардың ұялы телефондарына флюорографиялық, скринингтік тексерулерден өтуге, дәрігерге дейінгі қарау, ерлер және әйелдерді қарау бөлмелерінен өтуге шақыру хабарламалары келіп тұрады. Бұл мобильді қосымшаға 5 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналарға, жүкті әйелдер мен диспансерлік бақылауға жататын науқастарға дәрігерді шұғыл түрде үйге шақыртуға мүмкіндік беретін қызмет те енгізілген. Бұл мамандандырылған қазіргі заманауи ақпараттық жүйелер денсаулық сақтау ісіндегі көрсетілетін медициналық қызметтерді бірыңғай автоматтандырылған жүйеге көшіруге жол ашады. Қорыта айтқанда, денсаулық сақтауды цифрландыру немесе кешенді медициналық ақпараттық жүйесін енгізу осы сала жұмысындағы шешімін табуы тиіс күрделі мәселелерді шешуге жол ашады. Біріншіден, медициналық қателіктердің санын төмендетеді, қызмет көрсетудің сапасы мен жылдамдығын, сондай-ақ басқарушылық шешімдерді қабылдау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жүйенің негізгі мақсаты – әрбір адамның денсаулығын мониторингтеу мүмкіндігімен бірыңғай ақпараттық ортаны құру, тұтастай алғанда, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, емделуші мен оның денсаулығы туралы ақпараттарды қамтитын жүйе құру.       Аурухана әкімшілігі

  • «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасынан туындайтын міндеттерді іске асыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Жаңақорған кенті орталығында Денсаулық фестивалі өтті. «Саламатты сандарға қол жеткіз!» ұранымен ұйымдастырылған бұл шараға аудан тұрғындарымен қатар, халыққа қызмет көрсететін мекеме қызметкерлері, мектеп оқушылары, ұстаздар, Жаңақорған агро-техникалық колледж студенттері, үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдері қатысты. Фестивальдың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Ғ.Әміреев пен аурухана бас дәрігерінің орынбасары З.Тлепбаева айтулы шараның маңыздылығына тоқтала келе, ұлт саулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене белсенділігін арттыру, аурулардың алдын алу бойынша ауданда атқарылып жатқан игі шаралар жайлы сөз етті. Фестиваль аясында аудандық спорт мектебі мен облыстық Жастар Денсаулығы Орталығының аудандық бөлімшесінің мамандары қол күрес, қаппен ұру, арқан тарту, т.б. спорт түрлерінен жастар арасында сайыстар өткізді. Шара барысында тұрғындарға мамандандырылған жылжымалы медициналық кешен қызметі ұсынылып, тақырыптық үнпарақшалар таратылды. Сондай-ақ шараға қатысушыларға Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.     View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie?start=50#sigProIdd2a42992ce

  • Елбасымыздың «100 нақты қадам» - Ұлт Жоспарының 80-қадамын іске асыру мақсатында енгізілгелі жатқан МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесі медициналық қызмет сапасын арттыруға, медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз етуге, емдеу ұйымдары арасындағы бәсекелестікті арттыруға жол ашары сөзсіз. Бұл енгізілгелі жатқан жаңа жүйе - заман талабына сай туындап отырған маңызды қөадамдардың бірі болмақ. Осы мақсатта «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР-ның Заңы қабылданып, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» құрылды және МӘМС жүйесін енгізу бойынша әзірленген ведомствоаралық іс-шаралар жоспары негізінде тұрғындардың әлеуметтік мәртебесін (статус) анықтау жұмыстары жүргізілді. Аталмыш заңға сәйкес Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін жарналар мөлшері нақтыланды. Емдеу ұйымдарындағы «Бекітілген халық тіркелімі» (РПН) электронды базасы бойынша қайта түгендеу жұмыстары ұйымдастырылуда. Себебі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін РПН-ге тіркелмеген тұрғындарға медициналық көмек көрсету кезінде едәуір қиындықтар туындайтыны белгілі. Сондықтан барлық тұрғындар өздерінің тұрғылықты жерлері бойынша емдеу және алдын алу ұйымдарына төлқұжаттарымен келіп тіркелулері тиіс, сондай-ақ әрбір тұрғын өздерінің әлеуметтік мәртебесін нақтылап алғандары жөн. МӘМС жүйесі енгізілгеннен кейін сақтандырылмаған қазақстандықтарға тек қана жедел жәрдем стационарлық көмек, профилактикалық екпелер, әлеуметтік маңызы бар, яғни онкологиялық аурулар, туберкулез, қант диабеті т.б. кезінде, сондай-ақ төтенше жағдайда ғана медициналық көмек тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған азаматтарға басқа медициналық көмектердің барлығы ақылы негізде жүзеге асырылатын болады. Сондықтан барлық азаматтар медицина саласы бойынша жаңадан енгізілгелі жатқан МӘМС жүйесіне жете мән беріп, осы бастан сақтандыру шараларына белсене қатысқандары жөн. Әрбір азамат өзін және өзінің отбасы мүшелерінің ең әуелі жергілікті емдеу ұйымдарына тіркелгендігін РПН базасы арқылы тексертіп, әлеуметтік мәртебесін (статус) анықтап алғандары абзал. Ол үшін емдеу ұйымдарына жеке төлқұжатыңызбен барсаңыз жеткілікті, сонда отырған мамандар Сіздің емдеу ұйымына тіркелгендігіңізді, сондай-ақ әлеуметтік статусыңызды да нақтылап айтып береді. Жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту орталығына тіркелмеген азаматтар мен бейресми жұмыспен қамтылғандар жергілікті ауыл әкімдіктерімен және халықты жұмыспен қамту орталықтарымен байланысулары қажет. Сақтандырылған азаматтар МӘМС жүйесінің сақтандыру пакетін ала алады. Сақтандыру пакетіне: алғашқы медициналық-санитариялық көмек, жоспарлы медициналық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мейіргерлік күтім және паллиативтік көмек кіреді. Енді осы көмектердің әрқайсысына қандай көмек кіретіндігі жөнінде тарқатып айтар болсақ, алғашқы медициналық-санитариялық көмекке: амбулаториялық және күндізгі стационар жағдайында профилактика, диагностика, ауруларды емдеу, жүктілік ағымын бақылау, медициналық амалдар және т.б. қызметтер кіреді. Жоспарлы медициналық көмекке: стационарлық жағдайда емделуші өміріне қауіп төндірмейтін аурулар кезінде көрсетілетін көмектер кіреді. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге: амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсету барысындағы қызметтер кіреді. Мейіргерлік күтімге: ауыр сырқатқа ұшыраған, өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігінен айырылған, ұдайы сырттан күтім мен қарауға мұқтаж жандарға көмек көрсету қызметі кіреді. Паллиативтік көмекке: емделуге жатпайтын, өміріне қауіп төнген және аурулары асқынған емделушілердің өмір сүру сапасын барынша жайлы ету жөніндегі қызметтер кіреді. Міне, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылған азаматтарға осы қызметтердің барлығы тегін көрсетіледі.     Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу бойынша айтар болсақ, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Медициналық сақтандыру қорына жарна аудару жүргізіліп келеді. Елбасының тапсырмасына сәйкес қазіргі уақытта бейресми жұмыспен қамтылғандар мәселесі бойынша нақты шаралар қабылдануда. Қазақстан Республикасының Үкіметі бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және оларды ел экономикасына, тиісінше МӘМС жүйесіне тарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасын әзірледі. Мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде әрбір адамның мәртебесін жаңарту, азаматтардың барлық санаттарын анықтау және «цифрлау» бойынша жұмыстар қолға алынды. МӘМС жүйесін енгізу мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне байланысты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» төленетін жарналар мен аударымдар бойынша көптеген өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістерге сәйкес жеке тұлғалар жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылды. Жеке кәсіпкерлер 2017 жылдың шілде-желтоқсан айлары үшін, яғни 2017 жылдың алты айына жарна төлеп келді, бірақ 2018-2019 жылдар үшін жеке кәсіпкерлер жарна төлеуден босатылды. Алайда «Жеке кәсіпкерлер» мен «Шаруақожалық иелері» Жұмыс беруші ретінде қарамағындағы жалдамалы жұмысшылары үшін 2018-2019 жылдары Үкімет белгілеген ең төменгі айлықтық жалақыдан (ЕТЖК) 1,5 %, 2020 жылдан бастап – 2 % көлемінде жарна аударады. Сондай-ақ азаматтық-құқықтық келісім шарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарнаның мөлшері төмендетілді. Бұл санаттағы азаматтар да 2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылып отыр, бірақ 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылы табыстың 2 пайызы көлемінде жарна төлейді. Жұмыс берушілер үшін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» аударатын аударымдар мөлшері өзгеріссіз қалды, яғни Жұмыс берушілер қарамағындағы жұмысшылары үшін 2018-2019 жылдары 1,5 %, 2020 жылдан бастап 2 % көлемінде Қорға жарна аударады. Халықтың 14 санатына, яғни балалар, мүгедектер, зейнеткерлер мен Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, 3 жасқа толмаған бала тәрбиесімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар, бала туу, жас нәресте асырап алу және 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыс алғандар, 18 жасқа толмаған мүгедек бала тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар, орта, кәсіптік және техникалық, ортадан кейінгі, жоғарғы білім, сондай-ақ жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінде оқып жатқан тұлғалар, оқу орындарының күндізгі бөлімін бітіргендер (үш айға дейін), жұмыс істемейтін оралмандар, жұмыссыз ретінде тіркелгендер, тергеу изоляторында отырғандар, сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқандар үшін жарнаны мемлекет төлейді. Мемлекет тарапынан төленетін бұл төлемдер 2020 жылдан бастап жүргізіледі. «Медициналық сақтандыру туралы» Заңның 26-бабының 2 және 3 тармақтарына сәйкес жекелеген санаттар үшін мемлекет төлейтін жарна мөлшері 2020 жылға дейінгі екі жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4 пайызын құрайды. Мемлекет анықтаған жекелеген санаттарға жатпайтын тұлғалар ең төменгі айлық жалақының 5 пайызын төлеу арқылы сақтандыру жүйесіне қосыла алады. Сондықтан барша аудан тұрғындарын ұлт саулығын нығайту, медициналық қызмет сапасын арттыру, медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында 2020 жылдың қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілгелі жатқан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жете назар аударуды сұрай отырып, аталмыш мәселенің маңыздылығына мән беру қажет екендігін ескертеміз. Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының әкімшілігі

  • Бүгін Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының әкімшілігі емдеу және алдын алу ұйымдарының басшылары мен сала қызметкерлерінің басын қосқан жиын өткізіп, аудан халқының денсаулығын жақсартуға лайықты үлес қосқан білікті маман, бас дәрігердің бастапқы медико-санитариялық көмекті жетілдіру жөніндегі орынбасары Қаратаева Алғатай Әбітайқызын зейнеткерлік жасқа жетуімен құттықтады. Сала басшысы Сәулебек Есхожаұлы А.Қаратаеваның еселі еңбек жолына тоқтала келе, ұлт саулығын нығайту жолындағы ерен еңбектері үшін шынайы алғысын жеткізіп, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хатын, сондай-ақ аудандық орталық аурухана бас дәрігері мен салалық кәсіподақ ұйымының құттықтау хатын тапсырды. Зейнеткерлік жасқа абыроймен жеткен Алғатай Әбітайқызына сала қызметкерлері атынан сый-сияпаттар табыс етілді. Аурухана әкімшілігі     View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie?start=50#sigProId237976c451