Жамурова Мырзагүл Қойшыбайқызы кейінгі жастарға берер тәлімі мол, өз ісіне өте үлкен жауапкершілікпен қарайтын білікті дәрігер. Мырзагүл апай 1980 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында педиатрия мамандығы бойынша білім алып, 1980-81 жылдары Қызылорда қалалық балалар ауруханасында интернатурадан өткен. Бойына жинаған кәсіби білімін денсаулық саласына арнап, міне 40 жылға жуық уақыт қажымай-талмай жұмыс жасап келеді. Мырзагүл Қойшыбайқызы қайда жүрсе де біліктілігімен, іскерлігімен, ұйымдастырушылығымен ерекшеленіп, биліктің түрлі сатыларында белсене еңбек етіп келеді. 1981-1984 жылдары Бірлік ауылында аймақтық балалар дәрігері болып қызмет етіп, халық расында білікті дәрігер ретінде танылды. Кейін, яғни 1984 жылы аудандық бас балалар дәрігері қызметіне тағайындалып, әріптестері арасында сенім биігінен көрініп, көп ұзамай аурухана бас дәрігерінің орынбасары қызметіне дейін көтерілді. Осы қызметте он жылдай уақыт үздіксіз жұмыс жасап ауданымыздың денсаулық сақтау саласының дамуына өзіндік үлесін қосты. 1984 жылы Қарағанды қаласында өткен республикалық педиатрлардың ІІІ съезіне делегат болды. 1996 жылдан бастап бүгінге дейін Қыркеңсе дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері қызметін қалтқысыз атқарып келеді. Еңбек еткен жылдар ішінде ізденуден жалықпаған Мырзагүл Қойшыбайқызы Минск, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Шымкент қалаларында болып біліктілік арттыру курстарынан өтті. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында өнегелі еңбек жолымен елге танылып жүрген І санатты ұйымдастырушы дәрігер Мырзагүл Қойшыбайқызы 2003 жылы «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Иә, осындай сала мақтанышы бола білген ақ халатты абзал жандардың өмір жолынан бүгінгі кіші буын сала қызметкерлері үлгі алса екен демекпіз.
View the embedded image gallery online at:
http://openjanakorgan.kz/razvitie?start=55#sigProIddde3ffe637