«Дүниеге келер бір рет,
Дария кеуде тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет,
Қарттарым аман саумысың» - деп ақиық ақын М.Мақатаев жырлағандай, қария-қарттарымыз біздің ең қымбат асыл қазынамыз, жол бастаушыларымыз. Өмірде көргенін, көкейіне түйгенін өмірлік тәжірибе ретінде өзінен кейінгілерге үлгі-өнеге етіп жүрген ардақты ардагерлеріміздің орны қашанда бөлек. Өйткені, біз қашанда соларға қарап бой түзейміз, олардың еселі еңбек жолынан тәлім-тәрбие аламыз. Аудандық аурухана әкімшілігі мен салалық кәсіподақ ұйымы бірлесіп жылдағы дәстүр бойынша биыл тағы да мерекелік дастархан басында денсаулық сақтау саласы ардагерлерінің басын қосты. Сала ардагерлерін төл мерекесімен құттықтаған аудандық орталық аурухана бас мейірбикесі Т.Данеева мерекелік жылы лебізін жеткізе келе, денсаулық саласында жасалынып жатқан оң өзгерістер жайлы баяндап берді. Денсаулық саласы бойынша ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы Талғат Аблаев сөз сөйлеп, ардагерлерге көрсетіліп жатқан құрмет шаралары үшін аурухана әкімшілігіне алғыс сезімін жеткізді. Мерекелік дастархан басында бас қосқан қария-қарттарымыз өнегелі өмір жолдарынан қызықты естеліктер айтып, ән-жырдан шашу шашылды. Қарттар күні мерекесіне орай бір топ сала ардагерлеріне мерекелік сыйлықтар табыс етілді.
View the embedded image gallery online at:
http://openjanakorgan.kz/razvitie?start=70#sigProId11c2d2c300