Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының 2017 жылдың 12 айында атқарылған жұмыс қорытындысы      

  • І. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мерзімінің 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне байланысты жарналар мен аударымдарды төлеу тәртібі өзгере ме?    ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР – ӨЗГЕРІССІЗ Жұмыс берушілер үшін МСҚ-на аударатын аударымдар мөлшері өзгермейді: 2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%. Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелері жарнаны осы тәртіп бойынша төлейді. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР – жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылады Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарна мөлшері төмендетілді. Олар 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылдан бастап 2 пайызы көлемінде жарна төлейді. 2018-2019 жылдары олардың табысынан жарна ұсталмайды. Жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары ЖК ретінде өзі үшін жарна аудармайды. БІРАҚ қарамағындағы қызметкерлер үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударуды тоқтатпайды (2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%) Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлердің жалақысынан 2020 жылы 1%, 2021 жылдан бастап 2% ұстап, Қорға аударады. Мемлекет жекелеген санаттағы азаматтар үшін жарнаны 2020 жылдан бастап аударады. Аударылатын жарна мөлшері оған дейінгі екі жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4 пайызын құрамақ («Міндетті медициналық сақтандыру туралы» заңның 26 бабы 2,3 тармақтары). Жоғарыда көрсетілген санаттарға жатпайтын тұлғалар бір ЕТЖ (ең төменгі жалақының) 5 пайызын төлеп, сақтандыру жүйесіне қосыла алады. ІІ. 2017 жылы жеке кәсіпкерлер жарнаны қалай төлейді? Жалпы тәртіптегі жеке кәсіпкер – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңның 30-бабы 6-тармағына сәйкес, Жеке кәсіпкерлер 2017 жылы шілде-желтоқсан айлары үшін жарна аударады. Жарна келесі айдың 25-інен кешіктірілмей төленуі тиіс. Яғни, 2017 жылдың желтоқсаны үшін жарнаны 2018 жылдың қаңтарында төлеуге болады (2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылған). Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін пайдаланатын Жеке кәсіпкерлер – 2017 жылдың шілде-желтоқсан айлары үшін. Жеңілдетілген декларация ҚР салық органдарына салықтық есеп беретін кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен, ал, салықтар есеп беретін кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей өткізіледі. Сондықтан соңғы төлем 2018 жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей төленуі тиіс (2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылған).   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie?start=60#sigProIdd20de21358

  • 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай аудан көлемінде түрлі мәдени-көпшілік шаралар мен қайырымдылық  акциялар ұйымдастырылды. Осындай ізгі шаралар қатары бүгін де жалғасын тауып, ҚР Тұңғыш Президенті күні дүниеге нәресте әкелген жас аналар қуанышқа бөленді. 1 желтоқсан күні ауданымызда Қаржыбай Ықылас, Серікбай Айым, Бұрхан Нұрислам, Рақым Аяла және Ақтай Нұрдәулет есімді 5 нәресте, яғни 3 ұл мен 2 қыз дүние есігін ашты. Жас аналарды құттықтауға Жаңақорған ауданының әкімі Әміреев Ғалым Махмутбайұлы арнайы ат басын бұрып, аурухана бас дәрігері С.Ысқақовпен бірге аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімінде босанған жас аналарды ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізіп, аудан әкімдігі атынан мерекелік сый-сияпаттар табыс етті. Шара соңынан аудан әкімі Ғалым Махмутбайұлы перзентхана бөліміндегі ауыр жағдайда босанған нәрестелерді жандандыру бөлмесінің жабдықталуын аралап көрді. Әбілхайыр Әбілпатта

  •   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie?start=60#sigProId88b373e5f8 Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ауданымызда көптеген игі шаралар ұйымдастырылды. Өткен аптада денсаулық сақтау саласы бойынша екі бірдей нысан халық игілігіне пайдалануға берілді. Әуелі ауыл халқы көптен асыға күткен Аққұм елді мекеніндегі медициналық бекет ғимаратының ашылу салтанаты болды. Игі шараға аудан әкімі Ғ.Әміреев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының экономика ісі жөніндегі орынбасары Б.Кеншимбаева келіп қатысып, ауыл тұрғындарын ізгі қуаныштарымен құттықтады. Аудан әкімі Ғалым Махмутбайұлы игі шараға жиналған көпшілікті Тәулсіздік күні мерекесімен құттықтай келе, замана көшінің заңғар биігіне көтерілген біздің Тәуелсіз мемлекетіміздің алған асулары мен жеткен жетістіктерін тілге тиек етті. Аудан әкімі өз сөзінде: «Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың көрегенділігі мен іскерлігінің арқасында біздің мемлекетіміз әлем халқына танылып, бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енді. Мұның бәрі де ата-баларымыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздіктің, елдегі қалыптасқан саяси тұрақтылықтың, тәуелсіздік жылдарындағы жасалынып жатқан игі жұмыстардың, Елбасымыздың ерен еңбегінің жемісі. Халық денсаулығын жақсарту - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі және бірегейі. Осы жолда денсаулық сақтау саласын  жаңғырту жөнінде кешенді шаралар іске асырылып келеді және бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретін болады» деп атап өтті. Ауыл ардагері Т.Муслимов мемлекет тарапынан ауыл халқы үшін жасалынып жатқан игі жұмыстарға оң бағасын бере келе, ауыл тұрғындарының алғыс сезімін жеткізді. Аққұм медициналық бекеті ғимаратының лентасы қиылып, ауыл тұрғындары денсаулық нысанының ішкі жабдықталуымен танысты. Онан кейін осындай игі шара Еңбек елді мекенінде жалғасын тапты. Еңбек ауылында да жеке әріптестік секторы арқылы салынған ғимаратты бюджет қаржысына сатып алу арқылы пайдалануға беріліп жатқан медициналық бекет ғимаратының ашылу салтанатына да ауыл тұрғындары көптеп жиналды. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары С.Ыдырысов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының экономика ісі жөніндегі орынбасары Кеншимбаева Бақыт Қуанышбайқызы құттықтау сөз сөйлеп, игі шараға қатысушыларды Тәуелсіздік күні мерекесімен, жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Ауыл ардагері Е.Ержігітов ауыл тұрғындарының атынан сөз алып, ел игілігі жолында ауылға жасалынып жатқан қамқорлықтар үшін Елбасына алғыс сезімін жеткізді. Еңбек медициналық бекетінің меңгерушісі Г.Ақмолдаева мен ауыл фельдшері А.Досмағанбетовтер БАҚ-на сұқбат берді.    Ә.Сыздықов

  •   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie?start=60#sigProIddcce860df5 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай аудан көлемінде түрлі мәдени-көпшілік шаралар мен қайырымдылық  акциялар ұйымдастырылды. Осындай ізгі шаралар қатары бүгін де жалғасын тауып, ҚР Тұңғыш Президенті күні дүниеге нәресте әкелген жас аналар қуанышқа бөленді. 1 желтоқсан күні ауданымызда Қаржыбай Ықылас, Серікбай Айым, Бұрхан Нұрислам, Рақым Аяла және Ақтай Нұрдәулет есімді 5 нәресте, яғни 3 ұл мен 2 қыз дүние есігін ашты. Жас аналарды құттықтауға Жаңақорған ауданының әкімі Әміреев Ғалым Махмутбайұлы арнайы ат басын бұрып, аурухана бас дәрігері С.Ысқақовпен бірге аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімінде босанған жас аналарды ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізіп, аудан әкімдігі атынан мерекелік сый-сияпаттар табыс етті. Шара соңынан аудан әкімі Ғалым Махмутбайұлы перзентхана бөліміндегі ауыр жағдайда босанған нәрестелерді жандандыру бөлмесінің жабдықталуын аралап көрді. Әбілхайыр Әбілпатта