Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасынан туындайтын міндеттерді іске асыру мақсатында Жаңақорған аудандық емханасында аудан көлеміндегі салауатты мектеп жобасына енген 5 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен барлық мектеп мейірбикелерінің қатысуымен көшпелі оқыту семинар-тренингі ұйымдастырылды. «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасын іске асыру және «Репродуктивті денсаулықты қорғау тақырыбында өткізілген семинар-тренингке Қызылорда облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім бастығы И.Басманова, облыстық Жастар Денсаулығы Орталығының директоры Ж.Қалмақова және осы орталықтың бас маманы А.Алдабергенова қатысып, тақырыптық хабарламалар жасады. Баспасөз қызметі   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie?start=25#sigProIdd35d26621f

  • «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АЕҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының бас сарапшысы Абылайхан Рахимов Жаңақорған ауданында болып, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жиындарын өткізді. «Ата мекен» кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалы басшылығының қолдауымен аудан кәсіпкерлері мен кәсіпкерлікті жаңадан бастаушы тұлғалар арасында түсіндіру жүргізілді.   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie?start=25#sigProIdcdeafdc0c1 Онан кейін «Күкірт қышқылы зауыты» өндіріс орнында болып, кәсіпорын қызметкерлері арасында түсіндірме жүргізіліп, МӘМС жүйесі жайлы тақырыптық үнпарақшалар таратылды. Сондай-ақ МӘМС жүйесі бойынша жауапты маман А.Рахимов облыстық ересектерге арналған Шалхия шипажайы, орталық аурухана және аудандық емхана бойынша медицина қызметкерлері арасында МӘМС жүйесіне қатысты оқытылым сағаттарын өткізді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің енгізілуі бойынша жекелеген кәсіпкерлермен де жұмыс орындарында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Баспасөз қызметі

  • Жаңақорған аудандық «Ата мекен» кәсіпкерлер палатасының ұсынысымен осы ұйымның өндірістік оқу залында кәсіпкерлікті жаңадан бастаушы тұлғалар мен аудан кәсіпкерлеріне Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің енгізілуі бойынша ақпараттық-түсіндіру сағаты ұйымдастырылды.   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie?start=25#sigProIdc5f10a83b2 Аудандық емхана меңгерушісі С.Үсейнов МӘМС жүйесі жайлы хабарлама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. МӘМС жүйесі бойынша ақпараттық-танымдық материалдар таратылды. Баспасөз қызметі

  • 80 қадам - Денсаулық саласында «Міндеттіәлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» (МӘМС) кезең-кезеңмен енгізіледі. Денсаулыққа мемлекет, жұмыс берушіжәне әрбір азаматарасындағы жауапкершіліктінығайту.