Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасынан туындайтын міндеттерді іске асыру мақсатында Жаңақорған аудандық емханасында аудан көлеміндегі салауатты мектеп жобасына енген 5 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен барлық мектеп мейірбикелерінің қатысуымен көшпелі оқыту семинар-тренингі ұйымдастырылды. «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасын іске асыру және «Репродуктивті денсаулықты қорғау тақырыбында өткізілген семинар-тренингке Қызылорда облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім бастығы И.Басманова, облыстық Жастар Денсаулығы Орталығының директоры Ж.Қалмақова және осы орталықтың бас маманы А.Алдабергенова қатысып, тақырыптық хабарламалар жасады.

Баспасөз қызметі