Жаңақорған аудандық «Ата мекен» кәсіпкерлер палатасының ұсынысымен осы ұйымның өндірістік оқу залында кәсіпкерлікті жаңадан бастаушы тұлғалар мен аудан кәсіпкерлеріне Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің енгізілуі бойынша ақпараттық-түсіндіру сағаты ұйымдастырылды.

Аудандық емхана меңгерушісі С.Үсейнов МӘМС жүйесі жайлы хабарлама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. МӘМС жүйесі бойынша ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

Баспасөз қызметі