Елбасы Жолдауы бойынша Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы мекемесінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Жаңақорған аудандық емханасының меңгерушісі Үсейінов Сәкен Әләудінұлы сала қызметкерлері арасында түсіндіру жиынын өткізіп, Жолдаудағы басым бағыттар бойынша хабарлама жасады.