Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • Аудандық емханада денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өтті. Сала қызметкерлерін мерекемен құттықтаған аурухана бас дәрігері Я.Шорабаев Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне және осы жолдағы Елбасымыздың ерен еңбектеріне айрықша тоқталып өтті. ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай бір топ сала қызметкерлері марапатталды. Баспасөз қызметі

  • Еліміздің денсаулық сақтау саласы бойынша ана мен бала денсаулығын жақсарту бағытында жасалынып жатқан игі жұмыстар аз емес. 2016 жылдың наурызынан бастап ауданымызға пилоттық патронаждық қызметтің жетілдірілген әмбебап моделі енгізілген болатын. Патронаждық қызмет бойынша Халықаралық эксперттер, Юнисеф Ұйымының өкілдері, сондай-ақ Грузия, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінен делегаттар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері ауданымызға келіп, аудандық емханада өткен семинар-кеңеске қатысты, патронаж қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Онан кейін аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен патронаждық қызмет жөніндегі салааралық комиссия отырысына қатысты.   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=40#sigProId00f8fb3580

  • 2020 жылдың қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілгелі жатқан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы аптада «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облыстық филиалының бас сарапшысы А.Рахимов Жаңақорған аудандық емханасында медицина қызметкерлерәі арасында МӘМС бойынша оқытылым сағатын өткізді. Онан кейін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында болып аудан тұрғындарына МӘМС жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру жиыны облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы Шалхия шипажайының қызметкерлері арасында жалғасын тапты.  МӘМС жүйесі – уақыт талабы.   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=40#sigProId276cad622c Түсіндіру жиыны барысында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (МӘМС) енгізілуі» және «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) ұйымдарына халықты бекіту тәртібі», «МӘМС жүйесінің тиімділігі», «Медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу тәртібі», т.б.тақырыптарда   хабарламалар жасалды.      Баспасөз қызметі

  • Бүгін ауданымыздың денсаулық сақтау саласының қызметкерлері латын әліпбиін жазып үйренуге арналған Жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты. Жалпыхалықтық диктант іс-шарасы алдында сала қызметкерлеріне латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің бекітілген жаңа нұсқасы таныстырылды.   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=40#sigProId5a633afa73 Диктант жазу ережелері түсіндірілгеннен кейін арнайы жіберілген аудиотаспаны тыңдау арқылы «Рухани жаңғыру» тақырыбында диктант жазылды. Жалпыхалықтық диктант жазуға 300-ден аса сала қызметкерлері тартылды. Баспасөз қызметі

  • Жаңақорған аудандық емханасының және Жастар Денсаулық орталығының аудандық бөлімшесінің мамандары бірлесіп «Жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын алу» онкүндігі аясында Шалхия, Қандөз елді мекендеріндегі №86, №240 орта мектептерде, Жаңақорған аграрлы техникалық колледжінің студенттері мен аудан орталығындағы №169, №163, №125 және №3 мектеп-интернатының жоғарғы сынып оқушылары арасында семинар-тренингтер өткізді. Сондай-ақ осы мектептердің төменгі сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Дұрыс тамақтанудың он қағидасы» тақырыбында дөңгелек үстел, түсіндіру шараларын жүргізді.   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=40#sigProIde451bed29f Аудандық емхананың онколог дәрігері Ә.Раманқұлова мен Жастар Денсаулық орталығы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары кент орталығындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Нұр» базарында «Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу» бойынша кең ауқымды акция ұйымдастырды. Баспасөз қызметі