Патронаждық қызмет бойынша шетелдік мамандар ауданымызда
Еліміздің денсаулық сақтау саласы бойынша ана мен бала денсаулығын жақсарту бағытында жасалынып жатқан игі жұмыстар аз емес. 2016 жылдың наурызынан бастап ауданымызға пилоттық патронаждық қызметтің жетілдірілген әмбебап моделі енгізілген болатын. Патронаждық қызмет бойынша Халықаралық эксперттер, Юнисеф Ұйымының өкілдері, сондай-ақ Грузия, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінен делегаттар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері ауданымызға келіп, аудандық емханада өткен семинар-кеңеске қатысты, патронаж қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Онан кейін аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен патронаждық қызмет жөніндегі салааралық комиссия отырысына қатысты.
http://openjanakorgan.kz/razvitie/215-patronazhdy-yzmet-bojynsha-sheteldik-mamandar-audanymyzda#sigProId00f8fb3580