Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне арналды
2020 жылдың қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілгелі жатқан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы аптада «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облыстық филиалының бас сарапшысы А.Рахимов Жаңақорған аудандық емханасында медицина қызметкерлерәі арасында МӘМС бойынша оқытылым сағатын өткізді. Онан кейін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында болып аудан тұрғындарына МӘМС жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру жиыны облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы Шалхия шипажайының қызметкерлері арасында жалғасын тапты. МӘМС жүйесі – уақыт талабы.
http://openjanakorgan.kz/razvitie/212-mindetti-leumettik-meditsinaly-sa-tandyru-zh-jesine-arnaldy#sigProId276cad622c
Түсіндіру жиыны барысында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (МӘМС) енгізілуі» және «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) ұйымдарына халықты бекіту тәртібі», «МӘМС жүйесінің тиімділігі», «Медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу тәртібі», т.б.тақырыптарда хабарламалар жасалды.
Баспасөз қызметі