АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ
Жаңақорған аудандық емханасының және Жастар Денсаулық орталығының аудандық бөлімшесінің мамандары бірлесіп «Жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын алу» онкүндігі аясында Шалхия, Қандөз елді мекендеріндегі №86, №240 орта мектептерде, Жаңақорған аграрлы техникалық колледжінің студенттері мен аудан орталығындағы №169, №163, №125 және №3 мектеп-интернатының жоғарғы сынып оқушылары арасында семинар-тренингтер өткізді. Сондай-ақ осы мектептердің төменгі сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Дұрыс тамақтанудың он қағидасы» тақырыбында дөңгелек үстел, түсіндіру шараларын жүргізді.
http://openjanakorgan.kz/razvitie/211-ashy-esik-k-nderi#sigProIde451bed29f
Аудандық емхананың онколог дәрігері Ә.Раманқұлова мен Жастар Денсаулық орталығы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары кент орталығындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Нұр» базарында «Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу» бойынша кең ауқымды акция ұйымдастырды.
Баспасөз қызметі