Бүгін ауданымыздың денсаулық сақтау саласының қызметкерлері латын әліпбиін жазып үйренуге арналған Жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты. Жалпыхалықтық диктант іс-шарасы алдында сала қызметкерлеріне латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің бекітілген жаңа нұсқасы таныстырылды.

Диктант жазу ережелері түсіндірілгеннен кейін арнайы жіберілген аудиотаспаны тыңдау арқылы «Рухани жаңғыру» тақырыбында диктант жазылды. Жалпыхалықтық диктант жазуға 300-ден аса сала қызметкерлері тартылды.

Баспасөз қызметі