Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • «Жаңақорған ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ны әкімшілігі аудан халқына көрсетілетін медициналық қызмет сапасына, орын алған немесе орын алуы мүмкін сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша бас дәрігердің ішкі аудит және пациенттердің құқығын қолдау жөніндегі орынбасары Есенова Гүлжан Сайлауқызына 87027101928 немесе 22-3-57 сенім телефондары арқылы хабарласуларыңызға болады. «Дәрігерді үйге шақыру», «Дәрігердің қабылдауына жазылу» қызметтері бойынша аудандық емхананың тіркеу бөлімінің аға регистраторы Мырзаметова Айнұр Тұрсынбекқызына 22-0-38 телефоны арқылы хабарласуға болады. Аурухана әкімшілігі

  • Денсаулық сақтау саласы бойынша халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылып, жаңадан медицина нысандары бой көтеруде. Бүгін Жаңақорған ауданында жекеменшік әріптестік негізінде салынған Машбек Нәлібаев фельдшерлік акушерлік бекеті, Билібай медициналық бекеті мен Талап медициналық бекеті ғимараттарының ашылу салтанаты болып өтті.   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=20#sigProId805184fc2e Ашылу салтанатына қатысқан Жаңақорған ауданының әкімі Әміреев Ғалым Махмутбайұлы мен Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Искаков Олжас Ермекұлы қатысып, жаңа нысандардың халық игілігіне жұмыс жасауы жолында тілектерін жеткізіп, осы бағыттағы жұмыстар жалғаса беретіндігін айтты. Баспасөз қызметі

  • Еліміздің барлық өңірлерінде сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық көріністерінің алдын алу бағытында көптеген жұмыстар жүргізіліп, түрлі жобалар іске асырылуда.   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=20#sigProIdfdf553d7d3 Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аудандық емханада «Құқықтық сана және мәдениет» тақырыбында сұхбаттасу алаңы ұйымдастырылды. Сұхбаттасу алаңында хабарлама жасаған «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келе, емдеу ұйымдарындағы кездесіп жатқан жемқорлық тәуекелдеріне және олардың алдын алу жолдарына баса назар аударып өтті. Баспасөз қызметі

  • Бүгін аудандық емханада бас дәрігердің бастапқы медико-санитариялық көмекті жетілдіру жөніндегі орынбасары Арыспаева Ақмарал Жоламанқызының ұйымдастыруымен «Жедел ми қан айналым бұзылыстары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Ауданымыздың емдеу ұйымдарындағы жалпы тәжірибелік аймақ дәрігерлері мен жалпы тәжірибелік аймақ мейірбикелері қатыстырылған семинар-тренинг барысында дәрігер-невропатолог Ж.Искендирова арнайы дайындалған бейнероликті семинарға қатысушылар назарына ұсынып, тақырыптық хабарлама жасады. Баспасөз қызметі   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=20#sigProIdbb4cc9a167

  • Аудандық мәдениет үйінде 12 мамыр - Халықаралық мейірбикелер күніне арналған "Халыққа қызмет - мінсіз міндет" тақырыбында салтанатты шара ұйымдастырылып, бір топ орта буын медицина қызметкерлеріне түрлі деңгейдегі марапаттар табыс етілді. Жиынға қатысушыларды құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сопбеков пен ауданаралық аурухана бас дәрігері Я.Шорабаев сөз сөйлеп, денсаулық сақтау жүйесіндегі орта буын медицина қызметкерлерінің сала жұмысындағы орны мен олардың тынымсыз еңбегі жайлы айтып өтті. Шара соңы мәдениет үйі өнерпаздары мен жекелеген сала қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=20#sigProId43c2bd4c92