Бүгін аудандық емханада бас дәрігердің бастапқы медико-санитариялық көмекті жетілдіру жөніндегі орынбасары Арыспаева Ақмарал Жоламанқызының ұйымдастыруымен «Жедел ми қан айналым бұзылыстары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Ауданымыздың емдеу ұйымдарындағы жалпы тәжірибелік аймақ дәрігерлері мен жалпы тәжірибелік аймақ мейірбикелері қатыстырылған семинар-тренинг барысында дәрігер-невропатолог Ж.Искендирова арнайы дайындалған бейнероликті семинарға қатысушылар назарына ұсынып, тақырыптық хабарлама жасады.

Баспасөз қызметі