Халыққа қызмет – мінсіз міндет
Аудандық мәдениет үйінде 12 мамыр - Халықаралық мейірбикелер күніне арналған "Халыққа қызмет - мінсіз міндет" тақырыбында салтанатты шара ұйымдастырылып, бір топ орта буын медицина қызметкерлеріне түрлі деңгейдегі марапаттар табыс етілді. Жиынға қатысушыларды құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сопбеков пен ауданаралық аурухана бас дәрігері Я.Шорабаев сөз сөйлеп, денсаулық сақтау жүйесіндегі орта буын медицина қызметкерлерінің сала жұмысындағы орны мен олардың тынымсыз еңбегі жайлы айтып өтті. Шара соңы мәдениет үйі өнерпаздары мен жекелеген сала қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.
View the embedded image gallery online at:
http://openjanakorgan.kz/razvitie/234-khaly-a-yzmet-minsiz-mindet#sigProId43c2bd4c92
http://openjanakorgan.kz/razvitie/234-khaly-a-yzmet-minsiz-mindet#sigProId43c2bd4c92