Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтті
Аудандық емханада денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өтті. Сала қызметкерлерін мерекемен құттықтаған аурухана бас дәрігері Я.Шорабаев Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне және осы жолдағы Елбасымыздың ерен еңбектеріне айрықша тоқталып өтті. ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай бір топ сала қызметкерлері марапатталды.
Баспасөз қызметі