Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • Соңғы жылдары республикамыз бойынша денсаулық сақтау саласын дамытуға, медициналық қызмет сапасын арттыруға, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға басымдықтар берілуде. Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен шет мемлекеттердегі ғылыми орталықтар мен өңірлік оқу орталықтарында облыс мамандары түрлі дәрістер алуда. Бұл жолғы біліктілік арттыру курсы Ресей Федерациясындағы Татарстан Республикасының Казань қаласында ұйымдастырылды. «Факоэмульсификация» отасын жасау тәсілі бойынша өткен оқу курсына 2018 жылдың 14 мамыр – 25 мамыр аралығында облыс бойынша 4 дәрігер-офтальмолог Казань қаласына барып қайттық. Біздің Жаңақорған ауданынан дәрігер-офтальмолог Бақытжан Әжібеков Казань қаласында болып қайтты. Оқу дәрістері Казаньның «AMTEC-KAZAN» жоғары медициналық технологиялар оқыту орталығында ұйымдастырылды. Біліктілік арттыру курсында Татарстан Республикасының танымал офтальмологтары ағалы-інілі Андрей және Александр Расческовтар дәріс берді. Татарстан Республикасының Бас офтальмологы Александр Расческовтың жеке клиникасында тәжірибе алмасу сабақтары өткізіліп, катаракта ауруы бойынша науқастарға ота жасау тәсілі үйретілді. Дәрігер Б.Әжібековтің айтуынша, тәжірибе барысында жоғары техногиялы «INFINITI» және «CENTURION» аппараттары пайдаланылған. Катаракта ауруы бойынша ота жасалатын дәл осы «INFINITI» аппараты енді біздің ауданымызға да алынатын болды. Бұл туралы бас дәрігер Сәулебек Есхожаұлы ойын білдіре келе, дәл осы жаңа технологиялы аппаратқа тапсырыс берілгендігін айтты. «Сондықтан жақын күндері біз де осы аппаратқа қол жеткізіп, Казань қаласында алған іс-тәжірибемізді өзімізде пайдалануға мүмкіндік тумақ, яғни алдағы уақытта катарактаға байланысты оталарды өзімізде жасай беретін боламыз»,- дейді дәрігер-офтальмолог Б.Әжібеков. Істеріңізге сәттілік...   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=75#sigProId9ec2739512

  • Медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай халық денсаулығын жақсарту жолында аянбай еңбек етіп, әріптестеріне үлгі-өнеге көрсетіп жүрген бір топ сала қызметкерлері марапатталды. Аудандық орталық аурухананың травматология бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-травматолог Есетов Ғалым Байзақұлы денсаулық саласындағы ерен еңбектері үшін «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Құрметті Ғалым Байзақұлы, лайықты марапатыңыз құтты болсын, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз! Аурухана әкімшілігі   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=75#sigProId8d9dba4e4b

  • Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының 2017 жылдың 12 айында атқарылған жұмыс қорытындысы      

  • І. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мерзімінің 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне байланысты жарналар мен аударымдарды төлеу тәртібі өзгере ме?    ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР – ӨЗГЕРІССІЗ Жұмыс берушілер үшін МСҚ-на аударатын аударымдар мөлшері өзгермейді: 2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%. Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелері жарнаны осы тәртіп бойынша төлейді. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР – жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылады Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарна мөлшері төмендетілді. Олар 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылдан бастап 2 пайызы көлемінде жарна төлейді. 2018-2019 жылдары олардың табысынан жарна ұсталмайды. Жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары ЖК ретінде өзі үшін жарна аудармайды. БІРАҚ қарамағындағы қызметкерлер үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударуды тоқтатпайды (2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%) Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлердің жалақысынан 2020 жылы 1%, 2021 жылдан бастап 2% ұстап, Қорға аударады. Мемлекет жекелеген санаттағы азаматтар үшін жарнаны 2020 жылдан бастап аударады. Аударылатын жарна мөлшері оған дейінгі екі жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4 пайызын құрамақ («Міндетті медициналық сақтандыру туралы» заңның 26 бабы 2,3 тармақтары). Жоғарыда көрсетілген санаттарға жатпайтын тұлғалар бір ЕТЖ (ең төменгі жалақының) 5 пайызын төлеп, сақтандыру жүйесіне қосыла алады. ІІ. 2017 жылы жеке кәсіпкерлер жарнаны қалай төлейді? Жалпы тәртіптегі жеке кәсіпкер – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңның 30-бабы 6-тармағына сәйкес, Жеке кәсіпкерлер 2017 жылы шілде-желтоқсан айлары үшін жарна аударады. Жарна келесі айдың 25-інен кешіктірілмей төленуі тиіс. Яғни, 2017 жылдың желтоқсаны үшін жарнаны 2018 жылдың қаңтарында төлеуге болады (2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылған). Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін пайдаланатын Жеке кәсіпкерлер – 2017 жылдың шілде-желтоқсан айлары үшін. Жеңілдетілген декларация ҚР салық органдарына салықтық есеп беретін кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен, ал, салықтар есеп беретін кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей өткізіледі. Сондықтан соңғы төлем 2018 жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей төленуі тиіс (2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылған).   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=75#sigProIdd20de21358