Аудандық емханада емдеу және алдын алу ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шара барысында қызметкерлерді мерекемен құттықтаған бас дәрігер С.Ысқақов Тәуелсіздік жылдарындағы Елбасымыздың ерен еңбектері, еліміздің жарқын жетістіктері, ел бірлігі, «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» идеяларын тілге тиек етті. ҚР Конституциясы мерекесіне орай бір топ сала қызметкерлері марапатталды. Мерекелеріңіз, марапаттарыңыз құтты болсын!

Шараның екінші бөлігі «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы шеңберінде өтіп жатқан қайырымдылық акциясына ұласты. «Мектепке жол» акциясы барысында емдеу ұйымдарында жұмыс жасап жатқан жалғызбасты аналар мен әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген бірнеше сала қызметкерлерінің балаларына қайырымдылық көмектер көрсетілді. Сондай-ақ акция барысында мекеме қамқорлығына алынған Тасболатовтар отбасының 2 баласына да қаржылай көмек көрсетілді.

Баспасөз хатшысы