Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • 2017 жылдың 23 қазаны күні  Жаңақорған аудандық емханасының мәжіліс залында  емдеу және алдын алу ұйымдарының басшылары мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналған жиын ұймдастырылды.  Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері С.Ысқақов «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» тақырыбында  хабарлама жасады. Денсаулық сақтау саласының баспасөз хатшысы, айтыс ақыны Ә.Сыздықов  «Рухани жаңғыру» атты өлең оқыды. Жиын барысында латын әліпбиінің маңыздылығы мен тиімділігі баса айтылып, тақырыптық бейнероликтер қатысушылар назарына ұсынылды.  Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы әкімшілігі   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=90#sigProIdd8081267a4

  • ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани келісім» күніне орай Жаңақорған аудандық емханасында «Денсаулық – болашақ кепілі» атты жиын болып өтті. Жиынның басты мақсаты - екпе шараларынан бас тартқан азаматтарға екпе шараларының тиімділігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Екпе шараларынан бас тартқан балалардың ата-аналары шақырылған аталмыш шараға «Рухани келісім» облыстық ақпараттық түсіндіру тобының өкілдері «Дін мәселелерін зерттеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары А.Боранбаев пен Қызылорда қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы М.Үркімбаев, сондай-ақ емдеу және алдын алу ұйымдарының басшылары мен сала мамандары қатысты. Шараны жүргізген бас дәрігер С.Ысқақов Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы негізгі басымдықтарға тоқталып өтті. Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері ұйымдастырылып жатқан шараның маңыздылығын сөз етті. Дәрігер-эпидемиолог А.Отарбеков «Екпе шараларының маңыздылығы және жұқпалы инфекциялық ауруларға қарсы егу шаралары» тақырыбында хабарлама жасады. Аурухана баспасөз қызметі   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=90#sigProIdd390258a84

  • 2017 жылдың 4 қазаны күні сағат 11.00-де Жаңақорған аудандық емханасының мәжіліс залында латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналған жиын болып өтті. Жиынға емдеу және алдын алу ұйымдарының басшылары, медицина қызметкерлері қатысты. Аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақов «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» тақырыбында  баяндама оқыды. Онан кейін мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маман Ә.Сыздықов хабарлама жасап, латын әліпбиінің тиімділігіне тоқталып өтті. Хабарламаларда латын әліпбиінің маңыздылығы, қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан латын әліпбиіне көшу мәселесі - Қазақстан халқының жарқын болашағының қалыптасуына, оның әлем халқына таныла түсуіне  зор септігін тигізер үлкен қадам екендігі айтылды. Шара барысында бейнепроектор арқылы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы әкімшілігі   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=90#sigProId44d05b549c

  • «Дүниеге келер бір рет, Дария кеуде тау мүсін. Құрыштан құйған құдірет, Қарттарым аман саумысың» - деп ақиық ақын М.Мақатаев жырлағандай, қария-қарттарымыз біздің ең қымбат асыл қазынамыз, жол бастаушыларымыз. Өмірде көргенін, көкейіне түйгенін өмірлік тәжірибе ретінде өзінен кейінгілерге үлгі-өнеге етіп жүрген ардақты ардагерлеріміздің орны қашанда бөлек. Өйткені, біз қашанда соларға қарап бой түзейміз, олардың еселі еңбек жолынан тәлім-тәрбие аламыз. Аудандық аурухана әкімшілігі мен салалық кәсіподақ ұйымы бірлесіп жылдағы дәстүр бойынша биыл тағы да мерекелік дастархан басында денсаулық сақтау саласы ардагерлерінің басын қосты. Сала ардагерлерін төл мерекесімен құттықтаған аудандық орталық аурухана бас мейірбикесі Т.Данеева мерекелік жылы лебізін жеткізе келе, денсаулық саласында жасалынып жатқан оң өзгерістер жайлы баяндап берді. Денсаулық саласы бойынша ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы Талғат Аблаев сөз сөйлеп, ардагерлерге көрсетіліп жатқан құрмет шаралары үшін аурухана әкімшілігіне алғыс сезімін жеткізді. Мерекелік дастархан басында бас қосқан қария-қарттарымыз өнегелі өмір жолдарынан қызықты естеліктер айтып, ән-жырдан шашу шашылды. Қарттар күні мерекесіне орай бір топ сала ардагерлеріне мерекелік сыйлықтар табыс етілді.     View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=90#sigProId11c2d2c300

  • Қоғамда орын алып жатқан оң өзгерістер, жарқын жаңалықтар денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында да қызу талқыланып жатады. «Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ» деп Елбасымыз айтқандай, кез-келген мәселенің шешімін тек қана бірлесе отырып, қоғам боп атсалыса отырып шешуге болады. Қазіргі уақытта Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі күн тәртібінде тұрғанын жақсы білеміз. Жаңа жүйеге қатысты талай пікірлер де айтылып жатыр. Сондықтан болар, Медициналық сақтандыру жүйесін қолданысқа енгізу сәл кейінге қалдырылғаны да белгілі. Алайда, медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жүргізіліп жатыр. Осы мәселелерге байланысты аудандық емханада «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облыстық филиалы мамандарының қатысуымен келелі кездесу болып өтті. Түсіндіру жиынына кент әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мен ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйым) өкілдері, кент тұрғындары, медицина қызметкерлері қатысты. Түсіндіру жиыны барысында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (МӘМС) еңгізілуі» және «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) ұйымдарына халықты бекіту тәртібі» тақырыптарында хабарламалар жасалды. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облыстық филиалының бөлім басшысы Г.Муратбаев пен сарапшы А.Абильдаевалар жоғарыда айтылған тақырыптар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатысушылар тарапынан берілген сауалдарға жауап берді. Кездесу барысында көптің көкейінде жүрген көптеген сауалдар да қойылды. Жиынды қорытқан аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Әләудінұлы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің аудандағы насихатталу барысына тоқталып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.      Баспасөз қызметі   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=90#sigProIdced609135b