Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынан туындайтын міндеттерді іске асыру мақсатында барлық салалар бойынша кешенді шаралар қолға алынып, тиісті жұмыстар тұрақты ұйымдастырылуда. Мемлекет басшысы айқындаған бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 80-қадамында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу айтылған. Сондықтан 2017 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін тұрғындар арасында насихаттау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Медициналық сақтандыру мен әлеуметтік даму саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін Жаңақорған ауданы әкімінің 23.08.2016 жылғы № 09-ө өкімімен аудандық Түсіндіру Штабы және барлық елді мекендер бойынша түсіндіру жұмыстарының кестесі бекітілді. Осы кестеге сәйкес 29 тамыздан бастап Штаб мүшелері елдімекендерді аралап, ақпараттық-түсіндірме жиындарын өткізіп, тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беруде. Штаб мүшелері бүгінгі таңға дейін Көктөбе, Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе, Түгіскен, Бесарық, Талап, Манап, Қосүйеңкі, Қыраш, Бірлік, Сунақата, Төменарық, Қожамберді, Сүттіқұдық елдімекендерін аралап шықты. Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жыл соңына дейін жалғаса бермек... Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының баспасөз қызметі

  • Тұрғындар арасында жіті ішек аурулары мен тағамнан уланудың алдын алу мақсатында сала мамандары мен Жастар Денсаулық орталығы бөлімшесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Талды су» балалар тынығу лагері мен кент орталығындағы «Ардақ», «Ең сұлу», «Нұрасыл», «Назым»  сұлулық сән салондарында «Вирусты гепатит және оның алдын алу жолдары» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш шара барысында жастар мен жасөспірімдер арасындағы жұқпалы іш ауруларының таралу себебі, клиникалық көріністері және оның алдын алу жолдары түсіндіріліп, тақырыптық ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.                                                   Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының баспасөз қызметі   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=110#sigProId1518545391