Тәуелсіздік Деклорациясына арналды
2016 жылдың 25 қарашасы күні аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында емдеу және алдын алу ұйымдарының басшылары мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шара өтті. Аталмыш шара Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығы Декларациясына арналды. Аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақов кіріспе сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің 25 жылдығындағы еліміздің қол жеткізген табыстарына және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбектеріне тоқталды. Айтыс ақыны Ә.Сыздықов шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығы Декларациясының толық мәтінімен таныстырды. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлері жоғарыда айтылған тарихи құжатты қызу қолдайтындықтарын жеткізді.
Аурухана әкімшілігі