2016 жылдың 17 қарашасы күні аудан орталығындағы №163 орта мектепте, кәсіптік техникалық колледжде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндіру және насихаттауға арналған ақпараттық-түсіндірме жиындары өткізілді. Аудандық Түсіндіру Штабының өкілдері аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Б.Әжібеков пен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар  және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Б.Жапаровтар хабарлама жасап, жиынға қатысушыларды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және әлеуметтік даму саласындағы мәселелермен хабардар етті. Түсіндіру Штабының мүшесі Б.Әжібеков хабарлама барысында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көрсетілген міндеттерге тоқтала келе, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі бағыттары мен тиімділігін түсіндіріп өтті. Соңынан жиынға қатысушылар тарапынан берілген сауалдарға жауаптар берілді. {gallery}21-11-2016_07-44-57{/gallery}

Аурухана әкімшілігі