Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды
2016 жылдың 23 қарашасы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Құттықожа ауылындағы фельдшерлік-акушерлік бекетінде «КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Еңбек ардагері Нұрбаев Әбілдің құрметіне орнатылған ескерткіш тақтайшаның ашылу салтанаты болып өтті. Ауыл ақсақалдары бас қосқан жиынды аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақов ашып, еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген жетістіктері мен бағындырылған биіктерге тоқтала келе, Ә.Нұрбаевтың еңбек жолы туралы хабарлама жасады. Жиында сөз алған денсаулық сақтау саласының ардагері Ә.Баубеков ағамыз Ә.Нұрбаевтың халық денсаулығы жолында жасаған еңбектерінен естеліктер айтты. Ауыл қариялары Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан игі шараға ризашылықтарын білдірді. Осылайша, ауыл халқының денсаулығын жақсартуға айрықша үлес қосқан, «КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Еңбек ардагері Нұртай Әбіловтің құрметіне арналған «Нұртай Әбіловтің еңбек еткен жылдары жазылған» құрмет тақтайшасы ашылды. Өскелең ұрпаққа өшпес өнеге қалдырған Нұртай Әбілов ағамыздың ерен еңбектері елмен бірге жасай бермек! Аға буынның абыройлы еңбек жолы жас ұрпаққа үлгі-өнеге бола бергей! Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құтты болсын! Еліміз көркейіп, Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлт мұратына бірге жете берейік!{gallery}23-11-2016_13-14-50{/gallery}
Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы