Дүниежүзілік жүрек күніне орай аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында «Ашық есік» күндері ұйымдастырылып, түрлі бағытта ақпараттық-танымдық шаралар өткізілді. 26 қыркүйек - 5 қазан аралығында жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларының алдын алу мақсатында арнайы 10 күндік ұйымдастырылды. Аудандық емхана мамандары мен Жастар Денсаулық орталығы аудандық филиалының мамандарымен бірлесе өткізілген ақпараттық-түсіндірме жұмыстары аудандағы халыққа қызмет көрсететін мекемелер мен сауда орталықтарында жалғасты. Түсіндірме жұмыстары барысында жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алу жолдары айтылып, барлық қатысушыларға тақырыптық үнпарақшалар таратылды. {gallery}17-10-2016_11-22-32{/gallery}Осы онкүндік аясында Талап дәрігерлік амбулаториясында "Денсаулық ауылы" ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарының қатысуымен "Сау жүрекке жол таңда!" атты ауқымды акция өтті. Акция барысында есепте тұратын барлық науқастар шақырылып, қан қысымын өлшеу, холестерин және қант мөлшері деңгейін анықтау, дене салмағының индексін анықтау секілді қызметтер көрсетіліп, келушілерге мамандар кеңесі берілді. Акцияға қатысушы ауыл тұрғындарымен тақырыптық әңгімелесулер жүргізіліп, ақпараттық-танымдық материалдар таратылып берілді. Дүниежүзілік жүрек күніне орай ұйымдастырылған ақпараттық-түсіндірме жұмыстары кент орталығындағы халық көп шоғырланған "Нұрасыл" сауда орталығы мен халыққа қызмет көрсету орталығында жалғастырылды. Бұл бағыттағы түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.

Бас терапевт А.Қаратаева