2016 жылдың 15 қазаны күні ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ҰСТАЗЫ атанған, ерен еңбегімен елдің мақтанына айналған, денсаулық сақтау саласының абыз ақсақалы, «КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Құрмет белгісі» орденінің иегері Егенберді Әмитұлы ағамыздың рухына арналған игі шара өтті.  Халықты емдеу ісінде қалтқысыз қызмет етіп, өнегелі өмір жолымен, азаматтық адами болмысымен талайға үлгі-өнеге көрсете білген, денсаулық сақтау саласының дамуына айрықша үлес қосқан Егенберді ағамыздың жарқын бейнесі ешқашан жадымыздан өшпейді және ағамыздың ерен еңбектері елмен бірге жасай бермек. Ағамыздың еңбектерін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында Егенберді Әмитұлының есімі және еңбек еткен жылдары жазылған тақтайша аудандық орталық аурухана ғимаратына орнатылды.  {gallery}17-10-2016_07-30-06{/gallery}

Игі шараға Егенберді ағамызбен бірге оқыған және бірге жұмыс әріптестері, сала ардагерлері, аудандық орталық аурухана қызметкерлері мен басқа да құрметті қонақтар қатысты. Шара қонақтары мен аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақовтар Егенберді ағаның денсаулық сақтау саласына сіңірген ерен еңбектерін сөз етті. Аудандық орталық аурухана ғимаратына орнатылған тақтайшаның ашылу рәсімі ұйымдастырылды.  

Артына өшпес із қалдырған, «дәрігерлердің ұстазы» атанған осындай тұлғаларды біз әрдайым мақтан тұтамыз және олардың ұлағатты өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болып қала бермек.