Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • Бас дәрігер Я.Шорабаев сала қызметкерлері арасында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарға тоқталып өтті.   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=65#sigProIdbe053bbd12

  • Қоғам дамуына лайықты үлес қосып, еселі еңбегімен елдің ыстық ықыласына бөленіп жүрген қария-қарттарымыздың орны біз үшін қашанда бір бөлек. Оларды құрметтеу біздің азаматтық асыл парызымыз, перзенттік борышымыз. Жақында аудандық емханада өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, ауданымыздың денсаулық сақтау саласында қалтқысыз қызмет еткен сала ардагерлерінің басын қосқан жиын болып өтті. Аға буын өкілдерінің құрметіне мерекелік дастархан мәзірі ұйымдастырылып, аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақов пен ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы Т.Аблаевтар жылы лебіздерін жеткізді. Қарттар күні мерекесіне орай бір топ сала ардагерлеріне сый-сияпаттар табыс етілді. Қазыналы қарттарымызды, аға буын өкілдерін ардақтай берейік!   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=65#sigProIdc84f2fda77

  • МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесі медициналық қызмет сапасын арттыруға, медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз етуге, емдеу ұйымдары арасындағы бәсекелестікті арттыруға жол ашады. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР-ның Заңы қабылданып, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» құрылды және МӘМС жүйесін енгізу бойынша әзірленген ведомствоаралық іс-шаралар негізінде тұрғындардың әлеуметтік мәртебесін (статус) анықтау жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін жарналар мөлшері нақтыланды. Емдеу ұйымдарындағы «Бекітілген халық тіркелімі» (РПН) электронды базасы бойынша қайта түгендеу жұмыстары ұйымдастырылуда. Себебі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін РПН-ге тіркелмеген тұрғындарға медициналық көмек көрсету кезінде едәуір қиындықтар туындайтыны белгілі. Сондықтан барлық тұрғындар өздерінің тұрғылықты жерлері бойынша емдеу және алдын алу ұйымдарына төлқұжаттарымен келіп тіркелулері тиіс, сондай-ақ әрбір тұрғын өздерінің әлеуметтік мәртебесін нақтылап алғандары жөн. МӘМС жүйесі енгізілгеннен кейін сақтандырылмаған қазақстандықтарға тек қана жедел жәрдем стационарлық көмек, профилактикалық екпелер, әлеуметтік маңызы бар, яғни онкологиялық аурулар, туберкулез, қант диабеті т.б. кезінде, сондай-ақ төтенше жағдайда ғана медициналық көмек тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған азаматтарға басқа медициналық көмектердің барлығы ақылы негізде жүзеге асырылатын болады. Сондықтан барлық азаматтар медицина саласы бойынша жаңадан енгізілгелі жатқан МӘМС жүйесіне жете мән беріп, осы бастан сақтандыру шараларына белсене қатысқандары жөн. Әрбір азамат өзін және өзінің отбасы мүшелерінің ең әуелі жергілікті емдеу ұйымдарына тіркелгендігін РПН базасы арқылы тексертіп, әлеуметтік мәртебесін (статус) анықтап алғандары абзал. Ол үшін емдеу ұйымдарына жеке төлқұжатыңызбен барсаңыз жеткілікті, сонда отырған мамандар Сіздің емдеу ұйымына тіркелгендігіңізді, сондай-ақ әлеуметтік статусыңызды да нақтылап айтып береді. Жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту орталығына тіркелмеген азаматтар мен бейресми жұмыспен қамтылғандар жергілікті ауыл әкімдіктерімен және халықты жұмыспен қамту орталықтарымен байланысулары қажет. Сақтандырылған азаматтар МӘМС жүйесінің сақтандыру пакетін ала алады. Сақтандыру пакетіне: алғашқы медициналық-санитариялық көмек, жоспарлы медициналық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мейіргерлік күтім және паллиативтік көмек кіреді. Енді осы көмектердің әрқайсысына қандай көмек кіретіндігі жөнінде тарқатып айтар болсақ, алғашқы медициналық-санитариялық көмекке: амбулаториялық және күндізгі стационар жағдайында профилактика, диагностика, ауруларды емдеу, жүктілік ағымын бақылау, медициналық амалдар және т.б. қызметтер кіреді. Жоспарлы медициналық көмекке: стационарлық жағдайда емделуші өміріне қауіп төндірмейтін аурулар кезінде көрсетілетін көмектер кіреді. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге: амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсету барысындағы қызметтер кіреді. Мейіргерлік күтімге: ауыр сырқатқа ұшыраған, өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігінен айырылған, ұдайы сырттан күтім мен қарауға мұқтаж жандарға көмек көрсету қызметі кіреді. Паллиативтік көмекке: емделуге жатпайтын, өміріне қауіп төнген және аурулары асқынған емделушілердің өмір сүру сапасын барынша жайлы ету жөніндегі қызметтер кіреді. Міне, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылған азаматтарға осы қызметтердің барлығы тегін көрсетіледі.     2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Медициналық сақтандыру қорына жарна аудару жүргізіліп келеді. МӘМС жүйесін енгізу мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне байланысты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» төленетін жарналар мен аударымдар бойынша көптеген өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістерге сәйкес жеке тұлғалар жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылды. Жеке кәсіпкерлер 2017 жылдың шілде-желтоқсан айлары үшін, яғни 2017 жылдың алты айына жарна төлеп келді, бірақ 2018-2019 жылдар үшін жеке кәсіпкерлер жарна төлеуден босатылды. Алайда «Жеке кәсіпкерлер» мен «Шаруақожалық иелері» Жұмыс беруші ретінде қарамағындағы жалдамалы жұмысшылары үшін 2018-2019 жылдары Үкімет белгілеген ең төменгі айлықтық жалақыдан (ЕТЖК) 1,5 %, 2020 жылдан бастап – 2 % көлемінде жарна аударады. Сондай-ақ азаматтық-құқықтық келісім шарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарнаның мөлшері төмендетілді. Бұл санаттағы азаматтар да 2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылып отыр, бірақ 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылы табыстың 2 пайызы көлемінде жарна төлейді. Жұмыс берушілер үшін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» аударатын аударымдар мөлшері өзгеріссіз қалды, яғни Жұмыс берушілер қарамағындағы жұмысшылары үшін 2018-2019 жылдары 1,5 %, 2020 жылдан бастап 2 % көлемінде Қорға жарна аударады. Халықтың 14 санатына, яғни балалар, мүгедектер, зейнеткерлер мен Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, 3 жасқа толмаған бала тәрбиесімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар, бала туу, жас нәресте асырап алу және 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыс алғандар, 18 жасқа толмаған мүгедек бала тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар, орта, кәсіптік және техникалық, ортадан кейінгі, жоғарғы білім, сондай-ақ жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінде оқып жатқан тұлғалар, оқу орындарының күндізгі бөлімін бітіргендер (үш айға дейін), жұмыс істемейтін оралмандар, жұмыссыз ретінде тіркелгендер, тергеу изоляторында отырғандар, сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқандар үшін жарнаны мемлекет төлейді. Мемлекет тарапынан төленетін бұл төлемдер 2020 жылдан бастап жүргізіледі. «Медициналық сақтандыру туралы» Заңның 26-бабының 2 және 3 тармақтарына сәйкес жекелеген санаттар үшін мемлекет төлейтін жарна мөлшері 2020 жылға дейінгі екі жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4 пайызын құрайды. Мемлекет анықтаған жекелеген санаттарға жатпайтын тұлғалар ең төменгі айлық жалақының 5 пайызын төлеу арқылы сақтандыру жүйесіне қосыла алады. Сондықтан барша аудан тұрғындарын қолданысқа енгізілгелі жатқан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жете назар аударуды сұрай отырып, аталмыш мәселенің маңыздылығына мән беру қажет екендігін ескертеміз. Аурухана әкімшілігі

  • Медициналық қызмет сапасын арттыру, медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізу жұмыстары кеңінен өріс алып жатқаны белгілі. Осы бағытта ауданымыздағы кәсіби мамандардың біліктілігін арттыру бойынша түрлі шаралар қабылдануда. Әсіресе кадрлар біліктілігіне баса назар аударылуда. Жақында аудандық емхананың көз дәрігері Әжібеков Бақытжан Қанжарбекұлы Ресей Федерациясына қарасты Татарстан мемлекетінің Казань қаласына біліктілік арттыру курсына барып қайтты. Он күн бойына жалғасқан бұл оқу курсы облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Ая-Хан» оқу орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Біліктілік арттыру курсында болып қайтқан дәрігер Б.Әжібеков Казань қаласындағы "AMTEC-KAZAN» жоғары медициналық технологиялар университетінде ұйымдастырылған оқу барысында «Витреоренитальды хирургия» бойынша оталар жасауға қатысқанын, сондай-ақ білікті дәрігер, Казань мемлекеттік медицина университетінің кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Самойлов Александр Николаевич дәріс бергендігін айтады. Медицинасы жақсы дамыған шет мемлекеттерде өткізілетін осындай біліктілік арттыру курстары алдағы уақытта да жалғаспақ. Баспасөз хатшысы   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=65#sigProIdd10e146c09

  • Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жөнінде нақты міндеттер атап көрсетілген. Осы Жолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру бағытында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарламаға орай еліміздің денсаулық сақтау саласында кешенді медициналық ақпараттық жүйесі енгізіле бастады. Қазіргі таңда аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдары осы жаңа жүйе бойынша жұмыс жасап келеді. Жаңа жүйенің ең алғашқы сатысы – емдеу ұйымдарына тіркелген тұрғындарды жүйенің электронды денсаулық паспортына енгізу. Осы электронды денсаулық паспорты арқылы кез-келген емдеу ұйымы қаралуға келген пациент жайлы қажетті ақпараттармен хабардар болады. Жүйенің тиімділігі: медициналық құжаттарды электронды жүйеге енгізу, яғни құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу, медициналық жазбалардың сапасы мен ақпараттылығын арттыру, бірқатар электронды бағдарламаларды біріктіру, басқа жүйелермен интеграциялау мүмкіндігі, тұрғындардың жыл сайынғы профилактикалық байқаулардан өту барысын қадағалау және де медициналық тексерулерге науқастарды кезек күттірмей алдын ала немесе белгілі бір уақытқа жазылуын қамтамасыз ету. Кешенді медициналық ақпараттық жүйесі арқылы емханаға келген науқастар ең алдымен тіркеу орны арқылы немесе «DamuMed» мобильді қосымшасы арқылы өзінің аймақтық жалпы тәжірибелі дәрігерінің қабылдауына жазыла алады. Дәрігер қарау кезінде науқасты аудандық немесе қалалық бейінді мамандарға консультациялық кеңес алуға, сондай-ақ рентгендік, зертханалық тексерулерге, күндізгі емдеу бөлімдеріне электронды түрде жолдай алады. Аудандағы емдеу ұйымдарында жыл басынан бері кешенді медициналық ақпараттық жүйесі арқылы дәрігерді үйге шақырту, бейінді мамандардан консультациялық кеңестер алу, «Д» есепке тұру, функционалдық, рентгендік, диагностикалық тексерулерден өту, дәрігерге дейінгі қарау, ерлер және әйелдерді қарау, скринингтік тексерулер, жалпы зертханалық тексерулер, еңбекке жарамсыздық парағын алу, иммунопрофилактикалық екпелер, т.б қызмет түрлері электронды түрде көрсетіліп келеді. Кешенді медициналық ақпараттық жүйесі бойынша «DamuMed» мобильді қосымшасының енгізілуі медициналық мекемелердегі кезек күтуді едәуір азайтуға септігін тигізуде. Сондықтан кез-келген пациент «DamuMed» мобильді қосымшасы арқылы электронды түрде дәрігердің қабылдауына жазыла алады немесе дәрігерді үйге шақырта алады, сондай-ақ жазылған рецептілерді, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін көре алады. Тағы бір айта кететін жәйт, «DamuMed» мобильді қосымшасын пайдаланушылардың ұялы телефондарына флюорографиялық, скринингтік тексерулерден өтуге, дәрігерге дейінгі қарау, ерлер және әйелдерді қарау бөлмелерінен өтуге шақыру хабарламалары келіп тұрады. Бұл мобильді қосымшаға 5 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналарға, жүкті әйелдер мен диспансерлік бақылауға жататын науқастарға дәрігерді шұғыл түрде үйге шақыртуға мүмкіндік беретін қызмет те енгізілген. Бұл мамандандырылған қазіргі заманауи ақпараттық жүйелер денсаулық сақтау ісіндегі көрсетілетін медициналық қызметтерді бірыңғай автоматтандырылған жүйеге көшіруге жол ашады. Қорыта айтқанда, денсаулық сақтауды цифрландыру немесе кешенді медициналық ақпараттық жүйесін енгізу осы сала жұмысындағы шешімін табуы тиіс күрделі мәселелерді шешуге жол ашады. Біріншіден, медициналық қателіктердің санын төмендетеді, қызмет көрсетудің сапасы мен жылдамдығын, сондай-ақ басқарушылық шешімдерді қабылдау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жүйенің негізгі мақсаты – әрбір адамның денсаулығын мониторингтеу мүмкіндігімен бірыңғай ақпараттық ортаны құру, тұтастай алғанда, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, емделуші мен оның денсаулығы туралы ақпараттарды қамтитын жүйе құру.       Аурухана әкімшілігі