Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • «COVID-19» инфекциясын жұқтырудың алдын алудың бірден бір жолы - вакцинация қабылдау. Сондықтан еліміздің барлық өңірлерінде індетке қарсы егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Біздің ауданымызға 4 наурызда коронавирус инфекциясына қарсы екпенің І және ІІ-турына 200 дозадан вакцина келіп, бүгінгі күнге 200 адам екі реттен вакцина қабылдады. Вакцинация ерікті түрде жасалынады. Вакцина құрамындағы компоненттер иммун реакциясын тудыратын ақуыз шығарады, осылайша организм вируспен күресуді үйренеді. Иммун реакциясын күшейту үшін вакцина 3 апта аралығымен екі рет жасалады. Бірінші вакцина 26 аденовирус серотипіне негізделген, ал екіншісімен 5 серотип енгізіледі. Салынып жатқан «Спутник V» немесе «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасы -18 градустан төмен температурада сақталады және қолданар алдында бөлме температурасында ерітіледі. Бұл вакцина коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатудың бірден бір кепілі, яғни халық арасында инфекцияның одан әрі таралуын шектейді. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес 18 жасқа дейінгілерге және 65 жастан асқан кісілерге, жүктілік және емізу кезеңіндегі әйелдерге, сондай-ақ анамнезінде дәрілік препараттарға ауыр аллергиялық реакциясы бар пациенттерге егілмейді. «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасының басқа екпелердан ерекшелігі - оның екінші нұсқасы арада 21 күн өткен соң ғана салынады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасы өзінің қауіпсіз екенін дәлелдеді, себебі бүгінге дейін егілгендер арасында екпеден кейінгі ауыр асқыну жағдайлары тіркелмеген, біздің ауданымызда да екпе салынғандар арасында асқыну жағдайы тіркелген жоқ. Вакцина қабылдағаннан кейін шаршау, аздап дене қызуының көтерілуі сияқты болмашы кері әсерлер болады. Негізінен жыл соңына дейін аудан бойынша 5249 адам егіледі деп жоспарлануда, осы сәуір айынан бастап бекітілген жоспарға сәйкес ай сайын 580 доза вакцина егу ұйымдастырылады. Сондықтан, ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП ЖАТҚАН ВАКЦИНА ҚАБЫЛДАУ ШАРАЛАРЫНАН ТЫС ҚАЛМАЙ, КОРОНАВИРУС  ІНДЕТІНІҢ  АЛДЫН  АЛУҒА  АСЫҒАЙЫҚ! Бас эпидемиолог А.Отарбеков

  • Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында карантин талаптары сақтала отырып, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жиынын аудан әкімінің орынбасары Тұрсынбаев Дархан Есалыұлы жүргізіп, түсіндіру жиынының маңыздылығына тоқталып өтті.

  • Денсаулық сақтау саласы бойынша халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылып, жаңадан медицина нысандары бой көтеруде. Бүгін Жаңақорған ауданында жекеменшік әріптестік негізінде салынған Машбек Нәлібаев фельдшерлік акушерлік бекеті, Билібай медициналық бекеті мен Талап медициналық бекеті ғимараттарының ашылу салтанаты болып өтті.   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=40#sigProId805184fc2e Ашылу салтанатына қатысқан Жаңақорған ауданының әкімі Әміреев Ғалым Махмутбайұлы мен Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Искаков Олжас Ермекұлы қатысып, жаңа нысандардың халық игілігіне жұмыс жасауы жолында тілектерін жеткізіп, осы бағыттағы жұмыстар жалғаса беретіндігін айтты. Баспасөз қызметі

  • «Жаңақорған ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ны әкімшілігі аудан халқына көрсетілетін медициналық қызмет сапасына, орын алған немесе орын алуы мүмкін сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша бас дәрігердің ішкі аудит және пациенттердің құқығын қолдау жөніндегі орынбасары Есенова Гүлжан Сайлауқызына 87027101928 немесе 22-3-57 сенім телефондары арқылы хабарласуларыңызға болады. «Дәрігерді үйге шақыру», «Дәрігердің қабылдауына жазылу» қызметтері бойынша аудандық емхананың тіркеу бөлімінің аға регистраторы Мырзаметова Айнұр Тұрсынбекқызына 22-0-38 телефоны арқылы хабарласуға болады. Аурухана әкімшілігі

  • Бүгін аудандық емханада бас дәрігердің бастапқы медико-санитариялық көмекті жетілдіру жөніндегі орынбасары Арыспаева Ақмарал Жоламанқызының ұйымдастыруымен «Жедел ми қан айналым бұзылыстары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Ауданымыздың емдеу ұйымдарындағы жалпы тәжірибелік аймақ дәрігерлері мен жалпы тәжірибелік аймақ мейірбикелері қатыстырылған семинар-тренинг барысында дәрігер-невропатолог Ж.Искендирова арнайы дайындалған бейнероликті семинарға қатысушылар назарына ұсынып, тақырыптық хабарлама жасады. Баспасөз қызметі   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=40#sigProIdbb4cc9a167