"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-ның бөлім бастығы Рахимов Абылайхан Мейірманұлы МӘМС жүйесі бойынша енгізілген өзгерістер мен жүйенің тиімділігі, сақтандырылмаған азаматтармен жұмыс жүргізу мәселелері жөнінде заңнамалық актілермен, басқа да ақпараттармен бөлісті. А.Рахимов түсіндіру жиыны барысында бөлім басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мамандары, шағын және орта бизнес өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Аудан әкімінің орынбасары Д.Тұрсынбаев жиынға қатысушыларға МӘМС жүйесіне қатысты атқарылуы қажет жұмыстарға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді. Түсіндіру жиын әрі қарай аудандық емхана мен орталық ауруханада медицина қызметкерлері арасында жалғасатын болады.

1 2 3