Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • Бүгін ауданымыздың денсаулық сақтау саласының қызметкерлері латын әліпбиін жазып үйренуге арналған Жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты. Жалпыхалықтық диктант іс-шарасы алдында сала қызметкерлеріне латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің бекітілген жаңа нұсқасы таныстырылды.   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=60#sigProId5a633afa73 Диктант жазу ережелері түсіндірілгеннен кейін арнайы жіберілген аудиотаспаны тыңдау арқылы «Рухани жаңғыру» тақырыбында диктант жазылды. Жалпыхалықтық диктант жазуға 300-ден аса сала қызметкерлері тартылды. Баспасөз қызметі

  • 2020 жылдың қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілгелі жатқан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы аптада «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облыстық филиалының бас сарапшысы А.Рахимов Жаңақорған аудандық емханасында медицина қызметкерлерәі арасында МӘМС бойынша оқытылым сағатын өткізді. Онан кейін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында болып аудан тұрғындарына МӘМС жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру жиыны облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы Шалхия шипажайының қызметкерлері арасында жалғасын тапты.  МӘМС жүйесі – уақыт талабы.   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=60#sigProId276cad622c Түсіндіру жиыны барысында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (МӘМС) енгізілуі» және «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) ұйымдарына халықты бекіту тәртібі», «МӘМС жүйесінің тиімділігі», «Медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу тәртібі», т.б.тақырыптарда   хабарламалар жасалды.      Баспасөз қызметі

  • Жастар Денсаулығы орталығы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы бөлімшесі мен аудандық емхана мамандарының қатысуымен Жаңақорған ауданы Жайылма ауылындағы №195 орта мектепте "Зиянды әдеттен сақтанайық!», «Тұмаудың алдын алу жолдары», «Жжарақаттанудың алдын алу және алғашқы көмек туралы түсінік" тақырыптары бойынша семинар-сабақтар, лекциялар, т.б. шаралар өтті.   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=60#sigProIde818e5c167

  • Жаңақорған аудандық емханасының және Жастар Денсаулық орталығының аудандық бөлімшесінің мамандары бірлесіп «Жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын алу» онкүндігі аясында Шалхия, Қандөз елді мекендеріндегі №86, №240 орта мектептерде, Жаңақорған аграрлы техникалық колледжінің студенттері мен аудан орталығындағы №169, №163, №125 және №3 мектеп-интернатының жоғарғы сынып оқушылары арасында семинар-тренингтер өткізді. Сондай-ақ осы мектептердің төменгі сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Дұрыс тамақтанудың он қағидасы» тақырыбында дөңгелек үстел, түсіндіру шараларын жүргізді.   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=60#sigProIde451bed29f Аудандық емхананың онколог дәрігері Ә.Раманқұлова мен Жастар Денсаулық орталығы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары кент орталығындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Нұр» базарында «Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу» бойынша кең ауқымды акция ұйымдастырды. Баспасөз қызметі

  • Елбасы Жолдауы бойынша Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы мекемесінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Жаңақорған аудандық емханасының меңгерушісі Үсейінов Сәкен Әләудінұлы сала қызметкерлері арасында түсіндіру жиынын өткізіп, Жолдаудағы басым бағыттар бойынша хабарлама жасады.   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=60#sigProIdab9e1c12c6