Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  •   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=80#sigProId88b373e5f8 Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ауданымызда көптеген игі шаралар ұйымдастырылды. Өткен аптада денсаулық сақтау саласы бойынша екі бірдей нысан халық игілігіне пайдалануға берілді. Әуелі ауыл халқы көптен асыға күткен Аққұм елді мекеніндегі медициналық бекет ғимаратының ашылу салтанаты болды. Игі шараға аудан әкімі Ғ.Әміреев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының экономика ісі жөніндегі орынбасары Б.Кеншимбаева келіп қатысып, ауыл тұрғындарын ізгі қуаныштарымен құттықтады. Аудан әкімі Ғалым Махмутбайұлы игі шараға жиналған көпшілікті Тәулсіздік күні мерекесімен құттықтай келе, замана көшінің заңғар биігіне көтерілген біздің Тәуелсіз мемлекетіміздің алған асулары мен жеткен жетістіктерін тілге тиек етті. Аудан әкімі өз сөзінде: «Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың көрегенділігі мен іскерлігінің арқасында біздің мемлекетіміз әлем халқына танылып, бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енді. Мұның бәрі де ата-баларымыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздіктің, елдегі қалыптасқан саяси тұрақтылықтың, тәуелсіздік жылдарындағы жасалынып жатқан игі жұмыстардың, Елбасымыздың ерен еңбегінің жемісі. Халық денсаулығын жақсарту - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі және бірегейі. Осы жолда денсаулық сақтау саласын  жаңғырту жөнінде кешенді шаралар іске асырылып келеді және бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретін болады» деп атап өтті. Ауыл ардагері Т.Муслимов мемлекет тарапынан ауыл халқы үшін жасалынып жатқан игі жұмыстарға оң бағасын бере келе, ауыл тұрғындарының алғыс сезімін жеткізді. Аққұм медициналық бекеті ғимаратының лентасы қиылып, ауыл тұрғындары денсаулық нысанының ішкі жабдықталуымен танысты. Онан кейін осындай игі шара Еңбек елді мекенінде жалғасын тапты. Еңбек ауылында да жеке әріптестік секторы арқылы салынған ғимаратты бюджет қаржысына сатып алу арқылы пайдалануға беріліп жатқан медициналық бекет ғимаратының ашылу салтанатына да ауыл тұрғындары көптеп жиналды. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары С.Ыдырысов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының экономика ісі жөніндегі орынбасары Кеншимбаева Бақыт Қуанышбайқызы құттықтау сөз сөйлеп, игі шараға қатысушыларды Тәуелсіздік күні мерекесімен, жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Ауыл ардагері Е.Ержігітов ауыл тұрғындарының атынан сөз алып, ел игілігі жолында ауылға жасалынып жатқан қамқорлықтар үшін Елбасына алғыс сезімін жеткізді. Еңбек медициналық бекетінің меңгерушісі Г.Ақмолдаева мен ауыл фельдшері А.Досмағанбетовтер БАҚ-на сұқбат берді.    Ә.Сыздықов

  • 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай аудан көлемінде түрлі мәдени-көпшілік шаралар мен қайырымдылық  акциялар ұйымдастырылды. Осындай ізгі шаралар қатары бүгін де жалғасын тауып, ҚР Тұңғыш Президенті күні дүниеге нәресте әкелген жас аналар қуанышқа бөленді. 1 желтоқсан күні ауданымызда Қаржыбай Ықылас, Серікбай Айым, Бұрхан Нұрислам, Рақым Аяла және Ақтай Нұрдәулет есімді 5 нәресте, яғни 3 ұл мен 2 қыз дүние есігін ашты. Жас аналарды құттықтауға Жаңақорған ауданының әкімі Әміреев Ғалым Махмутбайұлы арнайы ат басын бұрып, аурухана бас дәрігері С.Ысқақовпен бірге аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімінде босанған жас аналарды ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізіп, аудан әкімдігі атынан мерекелік сый-сияпаттар табыс етті. Шара соңынан аудан әкімі Ғалым Махмутбайұлы перзентхана бөліміндегі ауыр жағдайда босанған нәрестелерді жандандыру бөлмесінің жабдықталуын аралап көрді. Әбілхайыр Әбілпатта

  •   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=80#sigProIdfb808afde2 Бүгін Жаңақорған аудандық емханасында пилоттық паронаждық қызметтің жетілдірілген әмбебаб моделіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстарды саралауға арналған талдау жиыны болып өтті. Жиынға ҚР бойынша «ЮНИСЕФ» бағдарламасының Ұлттық эксперт тренерлері Б.Бабаева, Д.Есимова, Н.Ким, аудан әкімінің орынбасары Б.Айтбембет, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Төлегенов, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары М.Оспанов, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары С.Өмірбеков, аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақов пен пилоттық патронаждық қызметтің жауапты мамандары, патронаждық қызмет мейірбикелері, емхана психологтары қатысты. Жиын барысында Жаңақорған ауданы бойынша 2016 жылдың наурызынан бастап енгізілген пилоттық патронаждық қызмет бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы жауапты мамандардың хабарламалары тыңдалып, алдағы уақытта атқарылар жұмыстар талқыланды. Тиісті сала мамандарына бірлесіп жұмыс жасау жөнінде нұсқамалар берілді. 

  •   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=80#sigProIddcce860df5 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай аудан көлемінде түрлі мәдени-көпшілік шаралар мен қайырымдылық  акциялар ұйымдастырылды. Осындай ізгі шаралар қатары бүгін де жалғасын тауып, ҚР Тұңғыш Президенті күні дүниеге нәресте әкелген жас аналар қуанышқа бөленді. 1 желтоқсан күні ауданымызда Қаржыбай Ықылас, Серікбай Айым, Бұрхан Нұрислам, Рақым Аяла және Ақтай Нұрдәулет есімді 5 нәресте, яғни 3 ұл мен 2 қыз дүние есігін ашты. Жас аналарды құттықтауға Жаңақорған ауданының әкімі Әміреев Ғалым Махмутбайұлы арнайы ат басын бұрып, аурухана бас дәрігері С.Ысқақовпен бірге аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімінде босанған жас аналарды ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізіп, аудан әкімдігі атынан мерекелік сый-сияпаттар табыс етті. Шара соңынан аудан әкімі Ғалым Махмутбайұлы перзентхана бөліміндегі ауыр жағдайда босанған нәрестелерді жандандыру бөлмесінің жабдықталуын аралап көрді. Әбілхайыр Әбілпатта

  •   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=80#sigProIdfeceeb3e3c Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне орай Жаңақорған аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру құрылымдық бөлімшесі мен аудандық емхана мамандары бірлесіп апталық шараларын ұйымдастырды. Апталық аясында емдеу және алдын алу ұйымдарында ашық есік күндері жарияланып, аудандық емханадағы телеэкрандар арқылы қант диабеті туралы бейнероликтер көрсетілді. Бас дәрігердің орынбасары А.Қаратаева бастаған эндокринолог, кардиолог, терапевт, педиатр, офтольмолог және жалпы тәжірбиелік дәрігер мамандар тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру  бөлімшесінің мамандары тақырыптық үнпарақшалар таратып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Қаралуға келген тұрғындардың қант мөлшері, артериялды қан қысымы, холестерин және артық дене салмағы анықталып, тұрғындарға кеңестер берілді. Сондай-ақ психо-әлеуметтік профилактикалық скрининг бөлмесінің тиісті мамандары көздеулі топтағы адамдарды тексеруден өткізді. 15-ші қараша күні Талап ауылындағы № 254 орта мектептің мәжіліс залында ауыл тұрғындары арасында Талап дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері А.Қаратаева, эндокринолог А. Тұртанова мен жауапты маман Е.Бакиров, жастар денсаулығы орталығы мамандарының қатысуымен «Қант диабеті ауруының алдын алайық!» атты семинар өткізілді. Қант диабеті мен тұмау ауруының алдын алу жөніндегі насихат жұмыстары кент орталығында да ұйымдастырылып, темір жол вокзалы, орталық базар, Қазпошта мен Жаңақорған Халық банкі филиалында да жалғасын тапты.