Латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналды
2017 жылдың 4 қазаны күні сағат 11.00-де Жаңақорған аудандық емханасының мәжіліс залында латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналған жиын болып өтті. Жиынға емдеу және алдын алу ұйымдарының басшылары, медицина қызметкерлері қатысты. Аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақов «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» тақырыбында баяндама оқыды. Онан кейін мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маман Ә.Сыздықов хабарлама жасап, латын әліпбиінің тиімділігіне тоқталып өтті. Хабарламаларда латын әліпбиінің маңыздылығы, қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан латын әліпбиіне көшу мәселесі - Қазақстан халқының жарқын болашағының қалыптасуына, оның әлем халқына таныла түсуіне зор септігін тигізер үлкен қадам екендігі айтылды. Шара барысында бейнепроектор арқылы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
Жаңақорған аудандық орталық
ауруханасы әкімшілігі
View the embedded image gallery online at:
https://openjanakorgan.kz/razvitie/163-latyn-lipbiine-k-shu-m-selesine-arnaldy#sigProId44d05b549c
https://openjanakorgan.kz/razvitie/163-latyn-lipbiine-k-shu-m-selesine-arnaldy#sigProId44d05b549c