Латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналды
2017 жылдың 23 қазаны күні Жаңақорған аудандық емханасының мәжіліс залында емдеу және алдын алу ұйымдарының басшылары мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналған жиын ұймдастырылды. Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері С.Ысқақов «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» тақырыбында хабарлама жасады. Денсаулық сақтау саласының баспасөз хатшысы, айтыс ақыны Ә.Сыздықов «Рухани жаңғыру» атты өлең оқыды. Жиын барысында латын әліпбиінің маңыздылығы мен тиімділігі баса айтылып, тақырыптық бейнероликтер қатысушылар назарына ұсынылды.
Жаңақорған аудандық орталық
ауруханасы әкімшілігі
View the embedded image gallery online at:
https://openjanakorgan.kz/razvitie/166-latyn-lipbiine-k-shu-m-selesine-arnaldy-2#sigProIdd8081267a4
https://openjanakorgan.kz/razvitie/166-latyn-lipbiine-k-shu-m-selesine-arnaldy-2#sigProIdd8081267a4