Бүгін Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының әкімшілігі емдеу және алдын алу ұйымдарының басшылары мен сала қызметкерлерінің басын қосқан жиын өткізіп, аудан халқының денсаулығын жақсартуға лайықты үлес қосқан білікті маман, бас дәрігердің бастапқы медико-санитариялық көмекті жетілдіру жөніндегі орынбасары Қаратаева Алғатай Әбітайқызын зейнеткерлік жасқа жетуімен құттықтады. Сала басшысы Сәулебек Есхожаұлы А.Қаратаеваның еселі еңбек жолына тоқтала келе, ұлт саулығын нығайту жолындағы ерен еңбектері үшін шынайы алғысын жеткізіп, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хатын, сондай-ақ аудандық орталық аурухана бас дәрігері мен салалық кәсіподақ ұйымының құттықтау хатын тапсырды. Зейнеткерлік жасқа абыроймен жеткен Алғатай Әбітайқызына сала қызметкерлері атынан сый-сияпаттар табыс етілді.

Аурухана әкімшілігі