Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • 2017 жылдың 19 қыркүйегі күні Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналған «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» атты жиын өтті. Аталмыш жиынға емдеу және алдын алу ұйымдарының басшылары мен медицина қызметкерлері, сала жұмысшылары қатысты. Аудандық орталық аурухана бас дәрігері Сәулебек Есқожаұлы латын әліпбиіне қатысты тақырыптық хабарлама жасап, оның маңыздылығы мен тиімділігіне кеңінен тоқталды. Жиын барысында бейнеролик арқылы жаңа латын әліпбиінің үлгісі мен қосымша енгізілгелі жатқан диаграфтар көрермендер назарына ұсынылды.  Онан кейін сөз алған сала ардагері Талғат Аблаев қазақ халқының тілдік тарихи тағдырына тоқтала келе,  еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына енуі үшін іске асырылып жатқан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатына аға буын өкілдері атынан ризашылық сезімін жеткізіп, ел болашағы үшін баршамыз уақыт талабына сай енгізіліп жатқан озық технологияларды жете меңгеруіміз қажет, -деді.   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=95#sigProIde0141a3afc Жиынды қорытындылаған бас дәрігер С.Ысқақов Қазақстандағы қолға алынып жатқан цифрландыру саясатына да тоқтала келе, сала қызметкерлерін латын әліпбиіне көшу мәселесіне түсіністікпен және байыппен қарауға шақырды. Баспасөз қызметі

  • Жаңақорған ауданы бойынша Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Аудандық орталық аурухана әкімшілігі мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы бірлескен МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кәсіпкерлер мен жастар арасында, халыққа қызмет көрсететін мекеме қызметкерлері арасында, сондай-ақ елді мекендердегі емдеу ұйымдарында жүргізілуде.     View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=95#sigProId90314e202f

  • Жаңақорған аудандық орталық ауруханасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында кеңейтілген семинар-кеңес болып өтті. Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарының басшылары, дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің қатысуымен өткен аталмыш жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Байхожаев Берікбол Ұзақұлы мен «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балқожаев Мажит Байхожаұлы қатысып, өзге өңірлерде орын алып жатқан сыбайлас жемқорлық фактілері туралы айта келе, бұл індетпен қоғам болып күресу қажеттілігіне тоқталды. Денсаулық сақтау саласының ардагері Т.Аблаев сөз сөйлеп, медицина қызметкерлерінің қиындыққа толы еңбек жолдарын сөз етті. Жиынды аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақов қорытты.  

  • Жаңақорған аудандық орталық ауруханасында «Мектепке жол» акциясы аясында шара ұйымдастырылып, үш жылдан бері мекеме қамқорлығына алынған Тасболатовтар отбасының екі баласына ұжым қызметкерлері атынан қайырымдылық көмек көрсетілді. Мұндай игі шаралар дәстүрлі түрде тоқтаусыз өтіп келеді және алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады, - деді аудандық орталық аурухана бас дәрігері Ысқақов Сәулебек Есхожаұлы.

  • Биылғы өткізілген Денсаулық фестивалі 2017 жылдың 9 қыркүйегіне жоспарланып, «Біздің денсаулығымыз - өз қолымызда!» ұранымен ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына орайластырылған осы «Денсаулық фестивалі - 2017» кең ауқымды акциясына ардагерлер, аудандағы халыққа қызмет көрсететін ұйым, мекеме қызметкерлері, жастар мен жасөспірімдер қатыстырылды. Шара барысында акцияға қатысушыларға фестиваль логотиптері бейнеленген футболкалар мен бас киімдер (кепкалар) берілді. Денсаулық фестивалі аясында фестивальға қатысушылар сап түзеп, Жаңақорған кентіндегі Ордакент ардагерлер үйі және жастар ресурстық орталығы ғимаратынан орталық алаңға дейін жаяу жүріп өтті. Жаяу жүру марафонына аудан әкімі Ғ.Әміреев бастаған ауданымыздың еңбек және тыл ардагерлері, ел ағалары да қатысты.   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=95#sigProIddb25974a2b Дене белсенділігін жақсарту мақсатында «Жүру зиян емес - жүрмеу зиян» ұранымен өткен жаяу жүру марафоны орталық алаңдағы ұйымдастырылған жаппай жаттығу жұмыстарымен аяқталды. Аталмыш шараға аудандағы барлық мекемелер мен бөлімдерден, емдеу және алдын алу ұйымдарынан, аудан мектептерінен 2500-ге тарта адам қатысты. Кең ауқымды акцияда сөз сөйлеген аудан әкімі Ғ.Әміреев пен аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақов шараның маңыздылығына тоқтала келе, орталық алаңда спорттың 7 түрінен ұйымдастырылған сайыстардың жеңімпаздарын аудан әкімінің алғыс хатымен және облыстық жастар денсаулығы орталығының алғыс хатымен марапаттап, сый-сияпаттар табыс етті.