Жаңақорған аудандық орталық ауруханасында «Мектепке жол» акциясы аясында шара ұйымдастырылып, үш жылдан бері мекеме қамқорлығына алынған Тасболатовтар отбасының екі баласына ұжым қызметкерлері атынан қайырымдылық көмек көрсетілді. Мұндай игі шаралар дәстүрлі түрде тоқтаусыз өтіп келеді және алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады, - деді аудандық орталық аурухана бас дәрігері Ысқақов Сәулебек Есхожаұлы.