Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/avam.kz/openjanakorgan.kz/images/27-06-2016_10-30-01
×

Внимание

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/27-06-2016_10-30-01
  • Ұлт денсаулығын нығайту бағытында атқарылып жатқан ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының тиімділігі зор. Осындай жұмыстардың қатарында биыл үшінші рет ұйымдастырылып жатқан ауқымды шараның бірі – «Өз денсаулығың – өз қолыңда!» атты акциясы. Аталмыш шара адам көп шоғырланатын орталық базар аумағында ұйымдастырылды.    View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=115#sigProId027e999173 Шара барлық аудан орталықтарында  облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Акцияның басты мақсаты - аудан тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға, жат қылықтардан бойларын аулақ ұстауға және адам денсаулығына едәуір зиянын тигізер  алкоголь, темекі өнімдерінен бас тартуға, өз денсаулықтарына мерзімінде көңіл бөлуге шақыру. Ауқымды акцияға облыстық жастар денсаулық орталығының директоры Ж.Қалмақова қатысты және шара барысында «Әйелдердің денсаулығын сақтайық!», «Темекіден сақтанайық!», «АИТВ – ғасыр дерті» және «Дені сау отбасы – бақытты жанұя!» тақырыптарында сала мамандарының хабарламалары оқылды. Акцияға қатысушы тұрғындарға облыстық жастар денсаулық орталығы тарапынан арнайы тақырыптық үнпарақшалар таратылды. Денсаулық акциясына келушілер қан қысымдарын өлшетіп, басқа да сала мамандарынан денсаулыққа қажетті кеңестер алды. «Жастар Денсаулық орталығы» бөлімшесінің маманы Е.Бакиров

  • «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілету және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып жатқан «Ақ орамал» акциясы бүгін де жалғасын тапты. Аудандық перзентхана бөлімі ұйымдастырған аталмыш акцияға аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақов пен бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары З.Тлепбаевалар қатысып, дүниеге нәресте әкелген жас аналарды құттықтап, сый-сияпат табыс етті. Бас дәрігер С.Ысқақов республикамыздың барлық өңірлерінде өткізіліп жатқан осы шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Бұл жолғы акцияда перзентхана бөлімінің акушеркасы, бес баланың анасы Назира Букилова жас аналарға жүрек жарды лебізін жеткізіп, босанушылардың әрқайсысына ақ орамал тарту етіп, жас аналарды ұрпақ санын көбейту жолында лайықты үлес қоса беруге шақырды.     Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы

  • «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілету және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылып жатқан «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімінде дүниеге сәби әкелген жас аналарды марапаттау рәсімі болып өтті. Ұйымдастырушылар атынан бас дәрігер Ысқақов Сәулебек Есхожаұлы босанған жас аналарды құттықтап, ұрпақ санын көбейту жолында лайықты үлес қоса беруге шақырып, сый-сияпат тапсырды. Шара барысында перзентхана бөлімінің шаруабикесі, 5 баланың анасы Әшірбекова Бақыт жүрекжарды лебізін жеткізіп, жас аналарға бір-бір ақ орамалдан тарту етті. Сала басшысы С.Ысқақов  «Ақ орамал» акциясы аясында өткізіліп жатқан осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғаса беретіндігін айтты.    Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=115#sigProIdce4a33b1de

  • 2016 жылдың 1 тамызы күні аудандық аурухана мен емхананың мәжіліс залында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндіру және насихаттауға арналған ақпараттық-түсіндірме жиыны болып өтті. Жиынға Жаңақорған аудандық орталық ауруханасына қарасты емдеу және алдын-алу ұйымдарының басшылары, дәрігерлер, басқа да сала мамандары мен орта буын медицина қызметкерлері қатысты. Жиынды аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақов жүргізді. Баспасөз қызметі   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=115#sigProId2893827cdd

  • Медицина қызметкерлерінің мерекесі күні мерекесіне орай Түгіскен дәрігерлік амбулаториясының ғимараты пайдалануға берілді.