Тұрғындар арасында жіті ішек аурулары мен тағамнан уланудың алдын алу мақсатында сала мамандары мен Жастар Денсаулық орталығы бөлімшесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Талды су» балалар тынығу лагері мен кент орталығындағы «Ардақ», «Ең сұлу», «Нұрасыл», «Назым»  сұлулық сән салондарында «Вирусты гепатит және оның алдын алу жолдары» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш шара барысында жастар мен жасөспірімдер арасындағы жұқпалы іш ауруларының таралу себебі, клиникалық көріністері және оның алдын алу жолдары түсіндіріліп, тақырыптық ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.                                                  

Жаңақорған аудандық орталық

ауруханасының баспасөз қызметі