Аудандық аурухананың мәжіліс залында Қарттар күніне арналған мәдени шара ұйымдастырылды. Шараға ауданымыздың денсаулық сақтау саласында жемісті еңбек еткен, еселі еңбектерімен елдің алғысына бөленген бір топ сала ардагерлері қатысты. Қарттарды мерекесімен құттықтаған сала басшысы Ысқақов Сәулебек Есқожаұлы игі шараға жиналғандарды биылғы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтай келе, денсаулық сақтау саласындағы жарқын жаңалықтарды жеткізе отырып, алдағы атқарылар міндеттер мен сала жоспарларымен бөлісті. Мерекелік дастархан басына жиналған сала ардагерлеріне бас дәрігер С.Ысқақов жылы лебізін жеткізіп, аудандық орталық аурухана әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы атынан сала ардагерлеріне сыйлықтар табыс етті. Ауданымыздың денсаулық сақтау саласы ардагерлерінің бастауыш ұйымының төрағасы Т.Аблаев та шынайы тілегін жеткізіп, Қарттар күніне арнайы жазып келген жүрегінен шыққан жыр жолдарын тарту етті. Мерекелік шарада бас қосқан сала ардагерлері де аурухана әкімшілігіне ризашылықтарын білдіріп жатты. Мекеме қамқорлығына алынған №110 орта мектептің 4-сынып оқушысы, жас талант Әзизбек Тасболатов әннен шашу шашты.{gallery}03-10-2016_12-41-29{/gallery}

Жаңақорған аудандық

орталық ауруханасы