2016 жылдың 7 қыркүйегі күні аудандық Түсіндіру Штабы өкілдерінің қатысуымен Кейден, Шалхия а/о мен Жаңақорған кентінде, сондай-ақ 2016 жылдың 16 қыркүйегі күні облыстық Түсіндіру Штабы өкілдерінің қатысуымен Өзгент, Машбек, Төменарық, Сунақата елдімекендері бойынша Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндіру және насихаттауға арналған ақпараттық-түсіндірме жиындары өткізілді.{gallery}19-09-2016_06-58-30{/gallery}

Аталмыш жиындарға облыстық Түсіндіру Штабының өкілдері: облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Абдусаметов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғ.Жақсылықов, ҚР ДСжӘДМ-нің медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Рахышев, аудандық Түсіндіру Штабының мүшесі, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Б.Әжібеков, ауылдық округ әкімдері, ауыл тұрғындары қатысты.

Осындай ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жыл соңына дейін жалғаса бермек... 

Жаңақорған аудандық орталық

ауруханасының баспасөз қызметі