Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай аудан көлемінде түрлі мәдени-көпшілік шаралар мен қайырымдылық  акциялар ұйымдастырылды. Осындай ізгі шаралар қатары бүгін де жалғасын тауып, ҚР Тұңғыш Президенті күні дүниеге нәресте әкелген жас аналар қуанышқа бөленді. 1 желтоқсан күні ауданымызда Қаржыбай Ықылас, Серікбай Айым, Бұрхан Нұрислам, Рақым Аяла және Ақтай Нұрдәулет есімді 5 нәресте, яғни 3 ұл мен 2 қыз дүние есігін ашты. Жас аналарды құттықтауға Жаңақорған ауданының әкімі Әміреев Ғалым Махмутбайұлы арнайы ат басын бұрып, аурухана бас дәрігері С.Ысқақовпен бірге аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімінде босанған жас аналарды ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізіп, аудан әкімдігі атынан мерекелік сый-сияпаттар табыс етті. Шара соңынан аудан әкімі Ғалым Махмутбайұлы перзентхана бөліміндегі ауыр жағдайда босанған нәрестелерді жандандыру бөлмесінің жабдықталуын аралап көрді. Әбілхайыр Әбілпатта

  •   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=85#sigProIddcce860df5 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай аудан көлемінде түрлі мәдени-көпшілік шаралар мен қайырымдылық  акциялар ұйымдастырылды. Осындай ізгі шаралар қатары бүгін де жалғасын тауып, ҚР Тұңғыш Президенті күні дүниеге нәресте әкелген жас аналар қуанышқа бөленді. 1 желтоқсан күні ауданымызда Қаржыбай Ықылас, Серікбай Айым, Бұрхан Нұрислам, Рақым Аяла және Ақтай Нұрдәулет есімді 5 нәресте, яғни 3 ұл мен 2 қыз дүние есігін ашты. Жас аналарды құттықтауға Жаңақорған ауданының әкімі Әміреев Ғалым Махмутбайұлы арнайы ат басын бұрып, аурухана бас дәрігері С.Ысқақовпен бірге аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімінде босанған жас аналарды ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізіп, аудан әкімдігі атынан мерекелік сый-сияпаттар табыс етті. Шара соңынан аудан әкімі Ғалым Махмутбайұлы перзентхана бөліміндегі ауыр жағдайда босанған нәрестелерді жандандыру бөлмесінің жабдықталуын аралап көрді. Әбілхайыр Әбілпатта

  •   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=85#sigProIdfeceeb3e3c Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне орай Жаңақорған аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру құрылымдық бөлімшесі мен аудандық емхана мамандары бірлесіп апталық шараларын ұйымдастырды. Апталық аясында емдеу және алдын алу ұйымдарында ашық есік күндері жарияланып, аудандық емханадағы телеэкрандар арқылы қант диабеті туралы бейнероликтер көрсетілді. Бас дәрігердің орынбасары А.Қаратаева бастаған эндокринолог, кардиолог, терапевт, педиатр, офтольмолог және жалпы тәжірбиелік дәрігер мамандар тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру  бөлімшесінің мамандары тақырыптық үнпарақшалар таратып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Қаралуға келген тұрғындардың қант мөлшері, артериялды қан қысымы, холестерин және артық дене салмағы анықталып, тұрғындарға кеңестер берілді. Сондай-ақ психо-әлеуметтік профилактикалық скрининг бөлмесінің тиісті мамандары көздеулі топтағы адамдарды тексеруден өткізді. 15-ші қараша күні Талап ауылындағы № 254 орта мектептің мәжіліс залында ауыл тұрғындары арасында Талап дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері А.Қаратаева, эндокринолог А. Тұртанова мен жауапты маман Е.Бакиров, жастар денсаулығы орталығы мамандарының қатысуымен «Қант диабеті ауруының алдын алайық!» атты семинар өткізілді. Қант диабеті мен тұмау ауруының алдын алу жөніндегі насихат жұмыстары кент орталығында да ұйымдастырылып, темір жол вокзалы, орталық базар, Қазпошта мен Жаңақорған Халық банкі филиалында да жалғасын тапты. 

  •   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=85#sigProIdfb808afde2 Бүгін Жаңақорған аудандық емханасында пилоттық паронаждық қызметтің жетілдірілген әмбебаб моделіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстарды саралауға арналған талдау жиыны болып өтті. Жиынға ҚР бойынша «ЮНИСЕФ» бағдарламасының Ұлттық эксперт тренерлері Б.Бабаева, Д.Есимова, Н.Ким, аудан әкімінің орынбасары Б.Айтбембет, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Төлегенов, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары М.Оспанов, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары С.Өмірбеков, аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақов пен пилоттық патронаждық қызметтің жауапты мамандары, патронаждық қызмет мейірбикелері, емхана психологтары қатысты. Жиын барысында Жаңақорған ауданы бойынша 2016 жылдың наурызынан бастап енгізілген пилоттық патронаждық қызмет бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы жауапты мамандардың хабарламалары тыңдалып, алдағы уақытта атқарылар жұмыстар талқыланды. Тиісті сала мамандарына бірлесіп жұмыс жасау жөнінде нұсқамалар берілді. 

  • Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы бойынша 2017 жылдың 30 қазаны күні ауданымыздың денсаулық сақтау саласы бойынша ІІІ-тоқсанда атқарылған жұмыстарды саралауға арналған алқа мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібіне шығарылған мәселелер бойынша Бас дәрігердің орынбасарлары Төребаева Ғалия Қуандыққызы, Тлепбаева Зауреш Әбдірейімқызы, Қаратаева Алғатай Әбітайқызы мен бас бала дәрігері Ұлжан Үрінбаевалар атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде хабарламалар  жасады. Бас дәрігер Ысқақов Сәулебек Есхожаұлы жұмыс барысында жіберілген кемшіліктерге тоқталып, сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.    View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=85#sigProId7ad36687df Ұйымдастыру және әдістеме бөлімі