Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасынан туындайтын міндеттерді іске асыру мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы жанынан 20 төсектік нейрореабилитация бөлімі ашылды.   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=60#sigProIdf72e5a585a Бұл бөлімде инсульт алып аурухананың терапия бөлімінде ем алғаннан кейінгі оңалту шараларын қажет ететін науқастар, сондай-ақ қол-аяқ, бел омыртқаларының жарақаттарынан кейінгі және буындарға жасалған эндопротез оталарынан кейінгі оңалтуды қажет ететін науқастар физиотерапиялық ем қабылдайды. Реабилитация бөлімінде аяқ-қол қимылдарын жақсартатын тренажорлық аппараттар жұмыс жасайды, сонымен қатар науқастарға массаж және физиоемдік шаралар жүргізіледі. Аурухананың баспасөз қызметі

  • Ауданымыздың денсаулық сақтау саласы әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=60#sigProId419ca7771a Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған шарада сала қызметкерлерін мерекемен құттықтаған аурухана бас дәрігері Шорабаев Яхия Кәдірбекұлы Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгінгі алған айшықты асулары мен бағындырған биіктері жайлы айта келе, осы жолдағы Елбасымыздың ерен еңбектеріне тоқталып өтті. Тәуелсіздік күні мерекесіне орай сала жұмысында жарқын жетістіктерге қол жеткізген бір топ сала қызметкерлері марапатталды. Баспасөз қызметі

  • Еліміздің денсаулық сақтау саласы бойынша ана мен бала денсаулығын жақсарту бағытында жасалынып жатқан игі жұмыстар аз емес. 2016 жылдың наурызынан бастап ауданымызға пилоттық патронаждық қызметтің жетілдірілген әмбебап моделі енгізілген болатын. Патронаждық қызмет бойынша Халықаралық эксперттер, Юнисеф Ұйымының өкілдері, сондай-ақ Грузия, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінен делегаттар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері ауданымызға келіп, аудандық емханада өткен семинар-кеңеске қатысты, патронаж қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Онан кейін аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен патронаждық қызмет жөніндегі салааралық комиссия отырысына қатысты.   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=60#sigProId00f8fb3580

  • Аудандық емханада денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өтті. Сала қызметкерлерін мерекемен құттықтаған аурухана бас дәрігері Я.Шорабаев Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне және осы жолдағы Елбасымыздың ерен еңбектеріне айрықша тоқталып өтті. ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай бір топ сала қызметкерлері марапатталды. Баспасөз қызметі

  • Бүгін ауданымыздың денсаулық сақтау саласының қызметкерлері латын әліпбиін жазып үйренуге арналған Жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты. Жалпыхалықтық диктант іс-шарасы алдында сала қызметкерлеріне латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің бекітілген жаңа нұсқасы таныстырылды.   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=60#sigProId5a633afa73 Диктант жазу ережелері түсіндірілгеннен кейін арнайы жіберілген аудиотаспаны тыңдау арқылы «Рухани жаңғыру» тақырыбында диктант жазылды. Жалпыхалықтық диктант жазуға 300-ден аса сала қызметкерлері тартылды. Баспасөз қызметі