Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • Бүгін аудандық емханада бас дәрігердің бастапқы медико-санитариялық көмекті жетілдіру жөніндегі орынбасары Арыспаева Ақмарал Жоламанқызының ұйымдастыруымен «Жедел ми қан айналым бұзылыстары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Ауданымыздың емдеу ұйымдарындағы жалпы тәжірибелік аймақ дәрігерлері мен жалпы тәжірибелік аймақ мейірбикелері қатыстырылған семинар-тренинг барысында дәрігер-невропатолог Ж.Искендирова арнайы дайындалған бейнероликті семинарға қатысушылар назарына ұсынып, тақырыптық хабарлама жасады. Баспасөз қызметі   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=40#sigProIdbb4cc9a167

  • Еліміздің барлық өңірлерінде сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық көріністерінің алдын алу бағытында көптеген жұмыстар жүргізіліп, түрлі жобалар іске асырылуда.   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=40#sigProIdfdf553d7d3 Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аудандық емханада «Құқықтық сана және мәдениет» тақырыбында сұхбаттасу алаңы ұйымдастырылды. Сұхбаттасу алаңында хабарлама жасаған «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келе, емдеу ұйымдарындағы кездесіп жатқан жемқорлық тәуекелдеріне және олардың алдын алу жолдарына баса назар аударып өтті. Баспасөз қызметі

  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасынан туындайтын міндеттерді іске асыру мақсатында Жаңақорған аудандық емханасында аудан көлеміндегі салауатты мектеп жобасына енген 5 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен барлық мектеп мейірбикелерінің қатысуымен көшпелі оқыту семинар-тренингі ұйымдастырылды. «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасын іске асыру және «Репродуктивті денсаулықты қорғау тақырыбында өткізілген семинар-тренингке Қызылорда облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім бастығы И.Басманова, облыстық Жастар Денсаулығы Орталығының директоры Ж.Қалмақова және осы орталықтың бас маманы А.Алдабергенова қатысып, тақырыптық хабарламалар жасады. Баспасөз қызметі   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=40#sigProIdd35d26621f

  • Аудандық мәдениет үйінде 12 мамыр - Халықаралық мейірбикелер күніне арналған "Халыққа қызмет - мінсіз міндет" тақырыбында салтанатты шара ұйымдастырылып, бір топ орта буын медицина қызметкерлеріне түрлі деңгейдегі марапаттар табыс етілді. Жиынға қатысушыларды құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сопбеков пен ауданаралық аурухана бас дәрігері Я.Шорабаев сөз сөйлеп, денсаулық сақтау жүйесіндегі орта буын медицина қызметкерлерінің сала жұмысындағы орны мен олардың тынымсыз еңбегі жайлы айтып өтті. Шара соңы мәдениет үйі өнерпаздары мен жекелеген сала қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=40#sigProId43c2bd4c92

  • «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АЕҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының бас сарапшысы Абылайхан Рахимов Жаңақорған ауданында болып, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жиындарын өткізді. «Ата мекен» кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалы басшылығының қолдауымен аудан кәсіпкерлері мен кәсіпкерлікті жаңадан бастаушы тұлғалар арасында түсіндіру жүргізілді.   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=40#sigProIdcdeafdc0c1 Онан кейін «Күкірт қышқылы зауыты» өндіріс орнында болып, кәсіпорын қызметкерлері арасында түсіндірме жүргізіліп, МӘМС жүйесі жайлы тақырыптық үнпарақшалар таратылды. Сондай-ақ МӘМС жүйесі бойынша жауапты маман А.Рахимов облыстық ересектерге арналған Шалхия шипажайы, орталық аурухана және аудандық емхана бойынша медицина қызметкерлері арасында МӘМС жүйесіне қатысты оқытылым сағаттарын өткізді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің енгізілуі бойынша жекелеген кәсіпкерлермен де жұмыс орындарында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Баспасөз қызметі