Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • 80 қадам - Денсаулық саласында «Міндеттіәлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» (МӘМС) кезең-кезеңмен енгізіледі. Денсаулыққа мемлекет, жұмыс берушіжәне әрбір азаматарасындағы жауапкершіліктінығайту.

  • Жаңақорған аудандық «Ата мекен» кәсіпкерлер палатасының ұсынысымен осы ұйымның өндірістік оқу залында кәсіпкерлікті жаңадан бастаушы тұлғалар мен аудан кәсіпкерлеріне Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің енгізілуі бойынша ақпараттық-түсіндіру сағаты ұйымдастырылды.   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=45#sigProIdc5f10a83b2 Аудандық емхана меңгерушісі С.Үсейнов МӘМС жүйесі жайлы хабарлама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. МӘМС жүйесі бойынша ақпараттық-танымдық материалдар таратылды. Баспасөз қызметі

  • 14 наурыз күні Жаңақорған ауданы, Ақүйік ауылдық округінің Бірлік ауылында ауыл тұрғындарының қатысуымен "Өзіңді туберкулезден қорға!" ұлттық бағдарламасының шеңберінде кең ауқымды акция ұйымдастырылды.   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=45#sigProId5bfb0b3b44 Акцияға Жаңақорған ауданаралық ауруханасының емхана меңгерушісі Үсейнов Сәкен Әләудинұлы, дәрігер-фтизиатр Ғаладин Мұхтаров, сондай-ақ аудандық жастар денсаулығы орталығы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімшесінің мамандары қатысты. Акцияның басты мақсаты - туберкулездің алдын алу, туберкулезді жұқтыру қаупі мен ауыр салдары және одан қорғану шараларын тұрғындар арасында түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау. Акция барысында маман кеңестері беріліп, жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы бағыттағы жұмыстарды басқа да елді мекендерде өткізу жоспарланды. Баспасөз қызметі