Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • «Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК –ның қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылаудың басталғанын хабарлайды.

  • 18 акпан күні ауданаралық емхана бас дәрігері Сәкен Алеудинұлы Үсейнов бір топ медицина саласындағы ардагерлер кеңесін жинап алдағы уақытта жасалатын біршама жұмыстарды ұйымдастыру туралы коғамдық кабылдау жасады   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=35#sigProId555ef42c68

  • Санитариялық талаптардың қатаң сақталмауынан біздің ауданымызда да "COVID-19" қауіпті індеті қайта белең алуда, індет жұқтырғандар қатары да көбеюде. Сондықтан коронавирус инфекциясын жұқтырудың алдын алудың бірден бір жолы - вакцина қабылдау. Салынып жатқан "Спутник" немесе "Гам-КОВИД-Вак"вакцинасы коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатуға септігін тигізеді, яғни вакцина қабылдау арқылы халық арасында инфекцияның одан әрі таралуын шектеуге болады. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес 18 жасқа дейінгілер және 65 жастан асқан кісілер, жүктілік және емізу кезеңіндегі әйелдер, сондай-ақ анамнезінде дәрілік препараттарға ауыр аллергиялық реакциясы бар пациенттер егілмейді. «Спутник V» вакцинасының басқа екпелерден ерекшелігі - оның екінші нұсқасы арада 21 күн өткен соң ғана салынады. Бүгінгі күнге аудан бойынша 200 адам 2 реттен вакцина қабылдады. Бұл жұмыстар қарқынды түрде жалғасады. Вакцина өзінің қауіпсіз екенін дәлелдеді, себебі осы уақытқа дейін егілгендер арасында екпеден кейінгі ауыр асқыну жағдайлары тіркелген жоқ. Вакцинадан кейін аздап шаршау, дене қызуының көтерілуі секілді болмашы кері әсерлер болуы да ықтимал, алайда ол үшін алаңдауға негіз жоқ. Сондықтан, коронавирус инфекциясын жұқтырудың алдын алу үшін мүмкіндігінше вакцина қабылдауға тырысайық! АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ! БАС ЭПИДЕМИОЛОГ ОТАРБЕКОВ АСҚАН БЕРДІҰЛЫ